Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қасиетті Миғраж түніндегі құлшылық пен дұғаларымыз...

Қасиетті Миғраж түніндегі құлшылық пен дұғаларымыз қабыл болғай!

Өмір-өзен 28.02.2022, 12:53 1,606
Қасиетті Миғраж түніндегі құлшылық пен дұғаларымыз қабыл болғай!
Сурет: ҚМДБ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа осындай жазба арнады.


Миғраж түні 2022 жылы 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түнге, яғни бүгінгі түнге сәйкес келіп тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Аса Қамқор ерекше Мейірімді
Алланың атымен бастаймын!
 
Құрметті бауырлар!


Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі бойынша айлардың саны – он екі, олардың төртеуі – харам айлар. Міне, адамзаттың игілігі үшін ең дұрыс әрі мінсіз жүйе – осы. Ендеше, бұл айларда өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар» («Тәубе» сүресі, 36-аят) деп ескертеді.
Осы төрт ұлық айлардың бірі – Ережеп. Ал Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түн, яғни Ислам тарихында орын алған маңызды оқиға – Миғраж.
Осы түнді Жәбірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Мұхаммед, Алла Тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырып жатыр», – дейді. Осыдан кейін Жәбірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) оны Харам мешітінен Ақса мешітіне бір сәтте алып келеді. Бұл туралы «Исра» сүресінің 1-аятында: «Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз, пәк. Ол шәк-шүбәсіз бәрін естуші, бәрін де көруші», – деп баяндалады.
Одан кейін Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түннің бір уақытында Ақса мешітінен аспандағы Сидратул-мүнтахаға көтеріліп миғраж жасаған.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миғраж түнінде көзіне жас алып, өзіне ілескен барлық мұсылмандар үшін көп дұға-тілек жасады, оларды ғафу етуді сұрады.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Раббым! Мені миғраж мұғжизасымен нығметтендірдің. Үмметіме де осындай бір нығмет сұраймын», – деп дұға жасағанда, Алла Тағала оны: «Намаз – мүміндердің миғражы», – деп қуантқан.
 
Қадірлі жамағат!
 
Алла Тағала Миғраж түні мен онда болып өткен ғажайып оқиғалардың берекетімен иманымызды баянды етсін. Қасиетті айлар мен күндерде Жаратқан Иеміз күнәларымызды кешіп, екі дүниенің бақытын берсін. Қиямет күні Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты баршамызға нәсіп болсын!
Аса Мейірімді Алла Тағала Ережеп пен Шағбан айларында дүние және дін істерімізге береке беріп, Рамазан айына аман-есен жеткізсін! Біздің миғражымыз болған намаздарымызда еліміздің, халқымыздың амандығын және әлем тыныштығын тілейік! Қасиетті Миғраж түніндегі құлшылық пен дұғаларымыз қабыл болғай. Әмин!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүфти #миғраж #мұсылман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика