Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қарызға белшесінен батқан

Қарызға белшесінен батқан

Экономика 20.10.2023, 05:36 1,525
Қарызға белшесінен батқан
Сурет: интернеттен

8,4 миллионнан астам адам банкке борыштар.


Соңғы 1,5 жылда бұл көрсеткіш 27 пайызға артқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов халықтың несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігі үлкен әлеуметтік мәселеге айналғанын айтты.



"Жасыратыны жоқ, қазір банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтарымыз көп. "Халық несие қамытын киіп отыр" десе де болады. Қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі –шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз", - деді ол.



Оның сөзінше, осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетіп отыр.



"Бұл жағдайдың себебі неде? Мұнда қаржы ұйымдары да белгілі бір рөл атқарады. Оған қаржы институттарының жарнамасы, несие алу процедурасының оңай мен қолжетімді болуы да кіреді.  Бүгінде 14-16 жастағы жасөспірімдер де онлайн несие ала алады. Оған тек смартфон мен интернет қажет", - деп атап өтті Мәжіліс спикері.



Ерлан Қошанов бір адамда екі немесе одан да көп несиенің болуы қалыпты жағдайға айналғанын баса айтты. Кейде микроқаржы ұйымдарында бір адамда 20-ға дейін қарызы болатын жағдайлар да бар, деп жалғастырды ол.



"Тәжірибе көрсеткендей, адамдар банк келісімшарттарының талаптарын зерттемей жатады. Олар несиелерді артық төлем сомасын түсінбей, ресімдеп жатады. Бұл асығыс әрекеттердің салдары кейіннен ажырасуға, алкоголизмге, суицидке, лудоманияға әкеп соқтырады. Адамдар қаржылық тұсаудан құтылуды көздеп, тез ақша аламын деп қаржы пирамидалары мен алаяқтықтың басқа түрлерінің құрбаны болып жатады", - деді Мәжіліс Төрағасы.



Ол жағдайды түбегейлі шешу үшін әлі де кешенді шаралар қажет екенін, ең әуелі халықтың қаржылық сауатын арттыру қажеттігін атап өтті. Ерлан Қошановтың сөзінше, қаржылық сауаттылық курсын мектеп пен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізу керек.  



"Жастар ақшаны орнымен жұмсау, бюджетті жоспарлау, инвестиция салу сияқты базалық ұғымдарды меңгергені жөн. Екіншіден, ең алдымен мәселенің салдарымен емес, себептерімен күресу керек. Мұны заңдар арқылы ғана іске асыруға болады. Несие беруге қойылатын талаптарды заңнамалық деңгейде қатаңдату қажет. Төлем қабілеті жоқ азаматтарға несие беруге тыйым салу керек. Онлайн-несиелеуді қатаңдату қажет", - деді Мәжіліс төрағасы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#банк #кредит #Қошанов #қаржы #пайыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика