AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қаржы министрлігі елдегі аударымдарға бақылауды кү...

Қаржы министрлігі елдегі аударымдарға бақылауды күшейтті

Барлығы 16.09.2025, 17:07 515
Қаржы министрлігі елдегі аударымдарға бақылауды күшейтті
depositphotos.com

Қазақстандық банктер енді азаматтардың шоттары мен ондағы қаражат қалдықтары туралы деректерді салық органдарына береді. Бұл реттеуді қарастыратын бұйрық жобасын Қаржы министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Құжатта жаңа есеп беру формасы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында енгізілгені жазылған. Бұйрық жобасы биылғы 29 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Барлық банк салық органының сұрауы бойынша 10 жұмыс күні ішінде мынадай мәліметтерді ұсынуға міндетті:

  • азаматтың банк шоты бар-жоғы;

  • ол шоттардың нөмірлері;

  • шоттағы қалдық пен қаражат қозғалысы.

"Бұл тек мүлік пен міндеттемелер туралы декларация тапсыруға міндетті жеке тұлғаларға қатысты. Банктер үшін мұндай міндеттеме 2018 жылдан бері бар. Бұл жаңа талап емес", – деп түсіндірді министрлік Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап беріп.

2025 жылғы шілдеден не өзгерді?

Салық кодексіне жаңа тармақтар (13-1 және 13-2) қосылды. Енді банктер:

  • есепшоттар, олардың нөмірлері және қалдықтары туралы деректерді тек мүлік пен міндеттемелер декларациясын тапсыратындарға ғана емес, сондай-ақ кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыратындарға да беру;

  • қаражат қозғалысы туралы деректерді тек бір жағдайда ұсыну: егер азамат жыл ішінде құны 20 000 АЕК-тен асатын (2025 жылы – 78,6 млн теңге) мүлік сатып алып, осыған байланысты кіріс туралы декларация тапсыруға міндеттелсе.

Осылайша, бұрын банктер тек мүлік пен міндеттемелер декларациясын тапсыратындар бойынша дерек берсе, енді бақылау ауқымы кеңейді:

  • есепшоттар мен қалдықтар туралы мәлімет кіріс пен мүлік декларациясын тапсыратындар бойынша да беріледі;

  • ал қаражат қозғалысы туралы дерек қымбат мүлік сатып алған жағдайда ғана ұсынылады.

Бұл не үшін қажет?

Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл жаңашылдықтың мақсаты – жаппай декларациялау аясында азаматтардың кірістері мен мүлкіне бақылауды күшейту. Салық органдары ірі мәмілелерді қашықтан қадағалап, оларды тапсырылған декларациялармен салыстыра алады. Бұл әдіс әділ салық салуға, бюджет түсімін арттыруға және көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаржы #экономика #ақша #аударым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика