ffin.kz

Қарбыздан уланып қалмаңыз!

Қарбыздан уланып қалмаңыз! Сурет: Мassaget.kz

Мамандар қазақстандықтарға ескерту жасады.


ДСМ қарбыздан уланып қалмау үшін не істеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Бақша дақылдары, әсіресе пестицидтермен емделген болса, бойына нитраттарды жинауға бейім болады. Егер құрамында осы заттектер көп қарбызды жесе, оның белгілері 4-6 сағаттан кейін біліне бастайды. Егер нитраттармен уланған кезде ешқандай шара қолданылмаса, денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіру қаупі бар. Нитратпен улану белгілерін: жүрек айну, диарея, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі, буындардың әлсіреуінен білуге болады. Алғашқы белгілері байқалысымен дәрігерге жүгіну қажет!" - делінген ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаменті Скринингтік бағдарламаларды талдау бөлімінің жетекшісі Гүлжан Конуршинаның жазбасында.



Дәрігер келгенге дейін науқас энтеросорбенттерді (мысалы, белсендірілген көмір) қабылдап, көп мөлшерде су ішуі керек, сонымен қатар тыныштық сақтап, оның жағдайын бақылау керек. Егер улану белгілері жүкті әйелдерде, қарттарда немесе 12 жасқа дейінгі балаларда байқалса, бірден жедел жәрдем шақыру керек.


Қарбыздан уланбау үшін не істеу керек?


Өзіңді және жақындарыңды қарбыздан уланудан қорғау үшін мынадай сақтық шараларын ұсынамыз:


Қолданар алдында қарбызды жақсылап жуу;


Суық суға жарты сағатқа салып қою;


Қарбыздың қабығының жанындағы мәйегін жеуге болмайды, өйткені онда нитраттар ең көп мөлшерде жиналады;


Сатып алып жатқан кезде кесу улануға қауіп тудырады. Қарбыз жерде өседі, сатылатын жерге дұрыс тасымалданбайды. Дамушы микроағзалар кесілген жерге түседі. Сатушылар мен сатып алушылардың қолдарының жуылмауы улану қаупін арттырады.


Қарбыздың құрамында нитрат бар-жоғын тексеру керек. Ол үшін оны жеудің алдында мәйегінен кесіп алып, бір стақан суға салып қою керек. Егер су лайланудың орнына қызғылт түске айналса, онда оның құрамында нитраттардың көп екенін білдіреді. Жеміс сатып алғанда, қабығының бүтіндігіне назар аударуды ұсынамыз.


Қарбызды қайдан сатып алған жөн?


Өзіңді ішек инфекцияларынан қорғау үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек:


ашық базарлардан сатып алудың қажеті жоқ;


бақша дақылдарын сату үшін бөлінген орын қоршалып, күн мен жаңбырдан сенімді қорғалуы тиіс. Сату нүктесі шатыр астында болуы керек, онда қарбыз бен қауын биіктігі кемінде 20 сантиметр болатын арнайы түпқоймаларда сақталуы керек.


жол бойында жидектер сатып алмаған жөн, өйткені жиналғаннан кейін қарбыз “дем алуды” жалғастырады, сондықтан ол автомобиль шығаратын газдарда кездесетін ауыр металдарды бойына тез жинайды.


Қарбыздан уланудың белгілері қандай?


Қарбыздан улану әдеттегі тамақтан улануға ұқсайды. Егер улану химиялық заттармен байланысты болып, өнім нитратты болып шықса, белгілер 2-3 сағаттан кейін біліне бастайды. Іштің ауыруы жиілейді. Инфекция тез таралып, аз уақыттан кейін іші өтіп, адам құса бастайды. Науқастың жағдайы нашарлайды. Әлсіздік пайда болып, қалтырап, (әдетте балаларда) дене қызуы көтеріледі. Вирустық ішек инфекциясы кезінде белгілер 5-6 сағаттан кейін пайда болады. Жағдай нитраттармен уланғандағыдай қауіпті болмайды. Балалар бұлай улануды ересектерге қарағанда ауыр қабылдайды.


Қалай уланудың алдын алуға болады?


Қарапайым тамақтан улану ықтималдығын болдырмау үшін кез-келген жеміс-жидек сатып алған кезде негізгі ережелерді сақтау керек:


қарбыз немесе қауын сатып алғанда, қабығының жарықсыз, сызатсыз және майыспаған бүтін болуына назар аудару керек, жемістерді тасымалдау кезінде жиі лақтырады, қабығының жарығы арқылы бактериялар ішіне кіріп кетуі мүмкін, ал майысқан жерлері көбінесе қарбыздың мәйегінің қышқылдануына әкеледі;


кесілген жидектерді сатып алуға болмайды, қарбыздың сыртындағы лас пышақпен кескен кезде мәйегіне оңай түседі;


сатып алған жерлерде жуылмаған жемістерді тұтынбаңыз және жидектердің піскенін тексеру үшін ешқашан кесіп алмаңыз, өйткені көп жағдайда лас пышақтар қолданылып, жидек мәйегіне ішек инфекцияларының қоздырғыштары түсіп бактерия жұқтыруына әкелуі мүмкін;


жемісті кесер алдында жидектің сыртындағы кірдің мәйекке түсіп кетпеуі үшін щеткамен ағып тұрған судың астында жақсылап жуу керек;


жидекті келесі күнге қалдырмай бірден жеп қойған жөн, өйткені шырынды мәйегіндегі қанттың көп болуы оны бактериялар үшін құнарлы ортаға айналдырады. Егер қарбыз немесе қауын желінбей қалса, кесілген жерді тағамға арналған үлдірмен жауып, тоңазытқышқа шикі азық-түліктен (жұмыртқа және шикі еттен) бөлек қою керек;


жемістің мәйегін қабығына дейін жемеген дұрыс, қарбыздағы нитраттар біркелкі бөлінбейді, олар қабығы мен жеміссабағына көбірек жақын болады, сондықтан балаларға жемістің ортасындағы мәйегін берген дұрыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32