AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қарашығанақта газ өңдеу зауыты салынады

Қарашығанақта газ өңдеу зауыты салынады

Экономика 14.08.2026, 09:32 213
Қарашығанақта газ өңдеу зауыты салынады
akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Президент аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады. Нариман Төреғалиевтің айтуынша, өңірлік жалпы өнім көлемі үш жылда 13,6 пайызға ұлғайып, 2026 жылдың 1 қаңтарында 5 триллион теңгеге жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тартылған инвестиция көлемі 874,5 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға өсті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұған дейінгі тапсырмаларының орындалуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Жуырда Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құрылысы басталады. Инвестициялық жоба құны – 1,7 триллион теңге. Сондай-ақ жыл соңына дейін Жайық өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысына соңғы үш жылда облыста жалпы құны 138 миллиард теңге болатын 121 жаңа әлеуметтік нысан салынғаны туралы баяндалды. 1542 шақырым автокөлік жолдары жөндеуден өтті. Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Сырым» автокөлік өткізу бекеті қайта жаңғыртылып жатыр. Келесі жылы «Тасқала» бекетінде дәл осындай жоба басталады. Бұдан бөлек, жаңадан салынған және жаңғыртылған төрт теміржол вокзалы ел игілігіне берілді.

Былтыр ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 320 миллиард теңгеге жетті. «Ауыл аманаты» бағдарламасы қолға алынғаннан бері 1414 жоба қаржыландырылып, 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

«Қаладан – ауылға» өңірлік бағдарламасы аясында мыңнан астам адам ауылға қоныс аударды. Барлық 218 отбасы баспанамен қамтылып, оларға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірді одан әрі дамыту, коммуналдық инфрақұрылымды жедел жаңғырту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру жұмысын жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #Нариман Төреғалиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында суды есепке алудың заманауи құралдарына көшу жеделдетілуде

Бүгін 14:50

Алматы қаласында суды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау шаралары күшейтілуде

Бүгін 14:48

«Алматы Су» сумен жабдықтау және су бұру жүйесін цифрландыру мен автоматтандыруды жалғастыруда

Бүгін 14:45

«Алматы Су» қаланың инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыруда

Бүгін 14:41

Алматыда «Қазақконцерт» әртістері мен Құрманғазы оркестрінің бірлескен концерті өтеді

Бүгін 14:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);