AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қарағандыда балалар мекемесінің тәрбиеленушілеріне...

Қарағандыда балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаған топ ұсталды

Оқиға 12.01.2026, 15:03 494 Дина
Қарағандыда балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаған топ ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Қарағандыда полиция балалар мекемесінің тәрбиеленушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, 8 қаңтарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері прокуратурамен бірлесіп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған арнайы мемлекеттік төлемдерден ақша бопсалауға қатысы бар топты анықтаған. Жедел іс-шаралар кезінде өңірдегі балаларға арналған мекемелердің бірінің тәрбиеленушілері қылмыскерлердің құрбаны болғаны белгілі болды.

Алдын ала дерек бойынша, соңғы жарты жылда күдіктілер алдау, қорқыту және күш қолдану арқылы бірнеше жәбірленушіден 10 млн теңгеден астам қаражат иемденген. Олар балаларды арнайы шоттардан ақша шешуге және микроқаржы ұйымдарында несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Тінту барысында күдіктілерден автоматты атыс қаруына арналған оқжатарлар және жүзден астам оқ-дәрі тәркіленген. Аталған факті бойынша бопсалау белгілерімен сотқа дейінгі тергеу басталып, барлық күдіктілер ұсталды. Оларға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #қылмыс #ұйымдасқан қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында жастарға арналған құқықтық квест-марафон өтті

Бүгін 12:24

Қазақстандық артист Даяна Жетпісова XII Халықаралық «Цирк ханшайымы» фестивалінде Күміс тәж иегері атанды

Бүгін 12:19

Алматыда есірткіге тәуелді адамдардың саны азайды

Бүгін 11:32

Freedom Holding Corp.-тың 2026 ж. ж. түсімі $2,2 млрд құрады

Бүгін 11:29

Алматыдағы Айнамалы көшесінде инженерлік желілер құрылысына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 11:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);