AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қарағанды тұрғыны әйелі мен 2 жасар қызын кепілде...

Қарағанды тұрғыны әйелі мен 2 жасар қызын кепілде ұстаған

Оқиға 26.04.2023, 18:45 1,256 Almaty-akshamy
Қарағанды тұрғыны әйелі мен 2 жасар қызын кепілде ұстаған
Сурет: Ашық дереккөз

Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, хабарлама расталды


Қарағандыда “Арлан” арнайы мақсат қызметкерлері бірге тұратын әйелі мен 2 жасар қызын кепілде ұстаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.


26 сәуір күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне қаладағы көп  қабатты үйлердің бірінде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, хабарлама расталды.



"Белгілі болғандай, 24 жастағы азамат 21 жастағы бірге тұратын жары мен 2 жастағы қызын пышақпен қорқытып, күштеп ұстаған. Алайда ол ешқандай шарт қоймаған. Қаскөймен арадағы келіссөз үш сағаттан астам уақыт жүргізілді. Азамат ешқандай келіссөзге көнбеді. Сондықтан да кепілдіктегі адамдардың өміріне қауіп төнгендіктен, полиция қызметкерлеріне шұғыл шешім қабылдауға тура келді", – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.



Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пәтердің есігін бұзған бетте, “Арлан” арнайы мақсаттың қызметкерлері бірден ішке кіріп, күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала болжам бойынша азамат есірткілік масаң күйінде болды. Жәбірленуші азаматша мен оның қызы ешқандай жәбір көрген жоқ. Олар дағдарыс орталығына орналастырылып, психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 126-бабы 2-бөлігі 3-пунктіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқиға #Кепіл #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);