Қарағанды облысында патруль көлігімен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

  • 15:40, 03 тамыз 2025
Қарағанды облысында патруль көлігімен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты Сурет: Polisia.kz

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Мотоцикл жүргізушісі патруль көлігіне соғылды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 тамызда таңғы сағат 07:30 шамасында Алматы – Екатеринбург автожолында, Қарағандыдан Балқаш бағытына қарай бір шақырым жерде болған.

"Жол апаты салдарынан 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды", – деді Қарағанды облысы ПД басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, мотоцикл мен патруль көлігі Алматы бағытында бір бағытта келе жатқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қарағанды полициясы (@policeofkaraganda)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:52

18:13

17:58

17:36

17:11

17:03

16:51

16:42

16:20

16:08

15:47

15:36

15:24

15:15

14:55

14:50

14:40

14:30

14:15

14:04

12:50

12:25

12:14

12:13

11:35