Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қара жәшіктен қашыңыз!

Қара жәшіктен қашыңыз!

Заң мен тəртіп 02.10.2024, 18:06 1,296
Қара жәшіктен қашыңыз!
скриншот

Бұл да алаяқтықтың жаңа түрі.

Желіде тараған ақпаратта тұрғын алматылықтарды көшеде қара жәшік ұсынған қыздардан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша оқиға “Арбат” жақта қызы мен құрбысы қыдырып жүрген кезінде болған.

“Сол жерде жанымызға бізге жасы 18-19 шамасында қолында қара жәшігі бар бір қыз келді. Қандай да бір эксперимент туралы айтты. Егер біз оған 40 мың теңге төлесек, осы жәшіктің бәрін бізге беретінін айтты. Ол жәшікте “Apple” компаниясының өнімдері бар екенін айтты. Құлаққап, сағат, болмаса планшеттің болуы мүмкін екенін жеткізді. Осылайша бұл 40 мың теңге түгелдей ақталатынын алға тартты. Мен бұл күмәнді ұсыныстан бас тарттым. Алайда құрбым тәуекел еткісі келетінін айтты. Оған жәшік ішінде не бар екені қызық болды. Ол 40 мың теңгені жаңағы қызға аударып жіберді”, – деді тұрғын.

Осылайша кейін жәшікті ашқанында оның ішінен AirPods құлаққабының 3 буыны, Вunker ойыны, жалғаушы сымдар мен қытайлық қуаттағыш құрылғы болған.

“Мен AirPods-ты сайт арқылы тексеру керек екенін айттым. Құрбым сыртындағы жапсырмасы арқылы қарап еді, сайт түпнұсқа екенін көрсетті. Кейін біз ЦУМ сауда орталығына бардық. Онда біз құлаққапты көрсетіп, сатсақ қанша тұратынын сұрадық. Ал олар бізге мұның жасанды құрылғы екенін 6-7 мың теңге тұратынын айтты. Кейін құрбым OLX қолданбасына кіріп бағасын көргісі келді. Онда мұндай жалған түпнұсқалық жапсырмалары бар жасанды құрылғылар өте көп екен. Және олардың бағасы 65-70 мың теңгеден тұр. Сатылымда тұрғандардың кодтарының бәрі бірдей , бәріне бір жалған жапсырманы қолданған”, – деп қосты ол.

Тұрғын алматылықтарды сақ болуға шақырды.

“Бәлкім 95 пайыз адам бұл ақпаратты білмеуі мүмкін. Көшедегі мұндай адамдарға сенбеңіздер! Мұның барлығы жалған, алдау. Жап-жас, әдемі қыздардың осылай адамдарды алдап жүргені өкінішті. Өміріндегі алғашқы қадамдарын алаяқтықпен айналысып бастап отыр. 40 мың теңге әрине үлкен сомма емес. Бірақ алдау дұрыс емес нәрсе”, – деп қорытты ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алаяқ #жәшік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Кеше 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Кеше 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Кеше 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Кеше 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Кеше 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика