«Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы екі дауылды ескерту тараған
2021 жылғы 20 қарашада Алматы облысы ТЖД құтқарушылары адамдарды қар құрсауынан эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына 3 рет шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Алғашқы қоңырау облыстық ТЖД-не сағат 16.30-да келіп түсті, Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолында, «Жалаңашкөл» учаскесінде қар құрсауында жеңіл автокөлік тұрып қалғаны және онда 3 адам, оның біреуі бала екендігі хабарланды. Шақыру орнына Достық станциясынан №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шықты. Оқиға орнына келген бойда ШҚО жағынын қозғалып келе жатқан «Toyota Camry» маркалы автокөлігі өздігінен қар құрсауынан шыққаны анықталды, аталған көлік ТЖД қызметкерлерінің еріп жүруімен Достық станциясына дейін жеткізілді»,-делінген хабарламада.
Екінші шақырту сағат 17.40-та сондай-ақ Алакөл ауданынан келіп түскен, Көктұма ауылынан 15 шақырым жерде Алакөл көлінің жағалауында қар құрсауында Трактор көлігі тұрып қалып, салонда 2 адам бар екендігі хабарланған. Шақыру орнына Ақши ауылынан Алакөл өңірінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Сағат 20.25-те екі ересек адам Көктұма ауылына эвакуацияланды.
Үшінші шақыру сағат 18.20-да Кербұлақ ауданында Қоянкөз ауылынан 30 шақырым жерде, «Жүзасу» учаскесі, таулы жер, ауыл жолыында «Toyota Hilux» маркалы жол талғамайтын көлік қар құрсауында қалып қойды, салонда 4 ересек адам бар екендігі хабарланған. Сағат 23.30-да Сарыөзек ауылының №19 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің күшімен осы автокөліктен барлық жолаушылар шаруа қожалығының аумағына эвакуацияланды.
«Эвакуацияланғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес»,-делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 20 қарашасында Алматы облысы ТЖД СМС жолдау, БАҚ және «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы екі дауылды ескерту тараған болатын:
1 - Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 23-28 м/с жетеді;
2 - 20 қараша күні сағат 14.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, бұрқасын) Республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолында (84-тен 184 шақырымына дейін) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Өз кезегінде Алматы облысының ТЖД азаматтарға қыста алыс жолға шығар алдында міндетті түрде ауа райы болжамымен танысу, 112 қызметінің СМС хабарламаларын елемеу және төтенше жағдайларда сізге көмектесе алатын барлық қажетті заттарды өзімен бірге алып жүру қажеттігін ескертеді.