AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Қар патшайымы» жаңа жылдық ертегісі Алматы циркін...

«Қар патшайымы» жаңа жылдық ертегісі Алматы циркінде: ғажайыптар мен сиқырлы оқиғалар әлемі

Мәдени Алматы 18.12.2024, 11:08 1,041
«Қар патшайымы» жаңа жылдық ертегісі Алматы циркінде: ғажайыптар мен сиқырлы оқиғалар әлемі
Алматы циркі

2024 жылдың 17 желтоқсанынан 2025 жылдың 12 қаңтарына дейін Алматы циркінде жаңа жылдық ертегі — «Қар патшайымы» қойылымы өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл мерекелік қойылымда ғажайыптар мен мейірімділікке толы сиқырлы оқиға көрермендерді баурап алады. Қойылымның басты кейіпкерлері Джоник пен Камилла сиқырлы оқиғалар әлеміне тап болады. Қазақ мемлекеттік циркінің режиссерлік-қойылым тобы бұл жаңа нұсқадағы көне ертегіні заманауи цирк тілінде ұсынады.

Қойылымда белгілі Кая мен Герда кейіпкерлерінің орнына Джоник пен Камилла шытырман оқиғалардан өтеді. Сиқыршылар, сондай-ақ Күлкі қорғаушысы, Көктем, Жаз, Күз басты кейіпкерлерге Қар патшайымының мұзды жүрегін ерітуге көмектеседі. Олар Жаңа жылдың қожайыны болатын Қар патшайымына міндетті түрде балалық қуаныш пен мерекені еске салуы тиіс.

Қазақ мемлекеттік циркінің бас қоюшы режиссері Марина Редько атап өткендей, «Джоник пен Камилла біздің көрермендерге ұнағаны соншалықты – олар жаңа жылдық қойылымның басты кейіпкерлері болып отыр. Бұл кейіпкерлер бізге балалық шағымызда ертегілер әлеміне саяхат жасаған сәттерді еске түсіреді». Сонымен қатар, қойылым үшін арнайы жаңа цирк нөмірлері, эксклюзивті костюмдер мен реквизиттер дайындалып, үлкен лазерлік шоу ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарламада Ю.Никулин атындағы Мәскеу циркінің әртістері өздерінің үйретілген жануарларымен, күн шуақты Испаниядан келген күлкілі клоун және Алматы циркінің үздік әртістері қатысады. Бұған қоса, халықаралық цирк өнер фестивалінің жеңімпаздары мен лауреаттары — әуе гимнасттары, эквилибристер, акробаттар және «Номад» каскадерлері өз өнерлерін көрсетеді.

Қойылымның тұсаукесері 17 желтоқсан күні, сағат 12:00-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өтеді. Бұл қойылым қалалық Мәслихат депутаттарымен бірлесіп, халықтың аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, ардагерлерге және қарттарға арналады. Қойылымның ұзақтығы 2 сағатты құрайды, ал антракт 15 минутқа созылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Цирк #мәдениет #Қар патшайымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика