Қаңтарда ұрланған қару-жарақтар Жетісудағы зират маңынан табылды

Қаңтарда ұрланған қару-жарақтар Жетісудағы зират маңынан табылды Сурет: stan.kz

Алматыда ұрланған қаруды полицейлер Жетісу облысындағы зираттың маңынан тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.



Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қарашаның 11-і күні Жетісу облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ІІД-нің көмегімен Көксу ауданындағы Мұқыры асуы маңында жасырылған қару қоймасын анықтады.


Атап айтқанда, ол жерден екі ойық ұңғылы қару мен әртүрлі қару-жарақтың 300-ден аса оқ-дәрісі, сондай-ақ оқ өткізбейтін кеудешелер табылды. Арнайы мәліметтер базасын тексере келе, табылған карабиндер мен оқ-дәрілердің қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы қару сататын дүкендердің бірінен ұрланғаны анықталды.


Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық тергеу басқармасының өндірісінде. Қазір тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:43

12:27

12:08

11:51

11:39

11:23

11:09

10:58

10:51

10:43

10:35

10:21

10:14

10:03

09:51

09:36

09:22

09:03

08:58

08:41

08:30

18:50

18:47

18:29

18:08