ffin.kz

«Қаңтар оқиғасының» артында кім тұр?

«Қаңтар оқиғасының» артында кім тұр? Сурет: ашық дереккөз

Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов сот отырысында «Қаңтар оқиғасы» кезінде Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық бергенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.


Қыркүйектің 18-і күні Алматыдағы №72 тергеу абақтысында Дикий Арманның ісі бойынша алдын ала тыңдаулар өтті. Онымен бірге тағы 44 адамның ісі қаралуда. Олардың арасында Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-ші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов та бар. Оларға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды, атыс қаруын ұрлады, сондай-ақ «Қаңтар оқиғасы» кезінде 24 адамды ұрлады деп айып тағылған.


ОЛАР МЕНІ ӘБІШТІҢ БҰЙРЫҒЫН ОРЫНДАҒАНЫМДЫ АЙТҚЫЗБАУҒА ТЫРЫСЫП ЖАТЫР


Сот отырысында Руслан Ысқақов өзінің кінәсіз екенін, істің бұрмаланғанын мәлімдеді. «Қаңтар оқиғасы» кезінде оған Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық берген көрінеді. Ал прокуратура экс-президенттің туысының қатысы барын жасырғысы келеді.



«Бұл істі бір жыл бойы тергеген Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы мониторингі агенттігі, Антикор және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 100-ден астам тергеушілері мен жедел қызметкерлері анықталмаған жағдайда  маған белгісіз ұсыныс жасады, мен оны белгісіз себептермен қабылдадым. Менің берген түсініктемелерімді елемеді. Жауап алғаннан кейін араға бір жыл салып олар құпияланды. Осылайша олар маған Әбіштің бұйрығын орындағанымды айтуға тыйым салмақшы», - деді сотта сөйлеген  ҰҚК-нің 5-басқармасының бұрынғы басшысы.



Самат Әбіш – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.
Сондай-ақ Ысқақов «Дикий Арман» деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауға алу туралы бұйрықтың шетелден келгенін де тілге тиек етті.



«Арман Жұмагелдиевті ұстау туралы бұйрықтың шетелден келгенін білемін және дәлелдеймін. Тек телефон қоңырауы. Ол кезде қандай дәлел болды?».



Ысқақов нұсқаудың нақты қайдан келгенін айтпады.


ҰҚК-нің 5-басқармасының бұрынғы басшысының қорғаушысы өзіне мүмкіндік берілген кезде бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды талап еткен.
Қазір Руслан Ысқақов Алматы қаласы ҰҚК департаментінің тергеу изоляторында отыр. Прокуратура оны және тағы үш айыпталушыны (Арман Жұмагелдиев, Талғат Махатов және Бекзат Үсенов) процестің қалған қатысушылары үшін қауіпті деп танығандықтан, ол сот процесіне онлайн қатысуда. Бірақ адвокаттар мемлекеттік айыптау үкіміне шағымданбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32