AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаңтар оқиғасында тәртіпсіздікке қатысқан бес адам...

Қаңтар оқиғасында тәртіпсіздікке қатысқан бес адамға қатысты сот үкімі шықты

Әлеумет 10.05.2023, 10:54 1,803
Қаңтар оқиғасында тәртіпсіздікке қатысқан бес адамға қатысты сот үкімі шықты
Сурет: Egemen.kz

Бостандық ауданының №2 сотында жаппай тәртіпсіздікке қатысып, шабуыл жасау фактісі бойынша бес адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.


Сот К, А, К, В және Т есімді азаматтардың 2022 жылы 4-5 қаңтар аралығында жаппай тәртіпсіздікке қатысып, ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл жасағанын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Сондай-ақ бес сотталушы да тәртіпсіздікке қатысу кезінде қаза тапқан.


Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігі бойынша 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, 269-баптың 2-бөлігі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін соттап, мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.



«Сотталушылардың кінәсі алынған бейнежазбалармен, куәгерлер мен туыстарының тану туралы хаттамасымен, жүргізілген сот-медициналық сараптама және ұялы телефондардың орналасқан жері туралы мәліметтер арқылы дәлелденді. Олар Алматы қаласы әкімдігіне және Президент резиденциясына шабуыл жасаған кезде күзет қызметі атыс қаруын қолданғаны расталды. Бесеуі де сол атыс кезінде қаза тапты»,- деп хабарлады қалалық соттан.



Ведомство мәліметінше, аталған қылмыстық істің қарастырылуының себебі - сотталушылардың заңды өкілдері қылмыстық істі ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы бойынша қысқартуға қарсы болған.



«Сотталушылар кінәлі деп танылып, Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 11-тармағы негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды»,- деп атап өтті сот өкілдері.



Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #сот үкімі #тәртіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы оқушылары республикалық олимпиадада бірінші орын иеленді

Бүгін 09:58

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуы тиіс

Бүгін 09:24

Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді

Бүгін 09:10

Бүгін ауа райы күрт өзгереді деп болжанды

Бүгін 08:33

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);