AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қаңтар оқиғасында адамдарды азаптаған полицейлерді...

Қаңтар оқиғасында адамдарды азаптаған полицейлердің ісі қаралып жатыр

Өмір-өзен 04.11.2022, 06:04 1,473
Қаңтар оқиғасында адамдарды азаптаған полицейлердің ісі қаралып жатыр
Сурет: Vlast.kz

Азапталған жәбірленушілердің құқықтары қалпына келтірілді.


Талдықорған қалалық сотында жәбірленуші деп танылған 24 адамды азаптау фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жәбірленушілердің өкілдері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімоваға тиісті сот төрелігіне қол жеткізу бөлігінде құқықтарының бұзылуына байланысты өтінішпен жүгінген.


Атап айтқанда, олар өз шағымында жәбірленушілердің мүдделері объективті және сапалы түрде қаралуына мүмкіндік жоқ екеніне, жәбірленушілердің өз өкілдерімен құпия келіссөз жүргізу үшін жағдай жасалмағанына, қылмыстық процеске қатысушылар санының көп екенін, ал сот залы тар екенін айтқан.


Жәбірленушілер мен сотталушылар бір жерде отырғандықтан, сотталушылар моральдық және психологиялық қысым жасайды. Сондай-ақ аудармашының жұмысына да шағым түсті. Жәбірленушілер сот процесінде синхронды аударма жасауды бірнеше рет өтінгенсе, ол ескерусіз қалып отыр.


Сот талқылауының барысын бақылайтын адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкерлері қылмыстық істі қарау тәртібінің жоқ екенін де атап өтті.



«Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көптеген адамға физикалық күш қолданғаны туралы қылмыстық істің айрықша сипатын ескере отырып, Эльвира Әзімова Жоғарғы сотқа сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету бойынша шара қолдану туралы хатпен жүгінді. Уәкілдің өтінішін қарау нәтижесі бойынша қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасынан барлық көрсетілген заңбұзушылықтардың шешілгені туралы жауап келіп түсті», - делінген хабарламада.



Сот органының жауабынан сот талқылауы үлкен залда өтіп жатқаны, тиісті аудармашымен қамтамасыз ету проблемалары жойылғаны хабарланады.


Бұдан бөлек, сотталушыларға қатысты бұлтартпау шарасы бөлігінде жәбірленуші тараптың адвокаттарының шағымы ішінара қанағаттандырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар #сот #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);