ffin.kz

Қаңтар оқиғасына қатысты неше адам сотталды?

Қаңтар оқиғасына қатысты неше адам сотталды? Сурет: 24.kz

Жалпы, 5 300 қылмыстық іс қозғалған.


Бас прокурор Берік Асылов қаңтардағы тәртіпсіздіктен кейін қанша адам сотталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Асылов қаңтарда жасалған қылмыстар бойынша жалпы 5 300 қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Басым бөлігін Ішкі істер министрлігі тергеген (4 623) адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық, қару-жарақ ұрлау сияқты қылмыстар.



«Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алу, аса ірі көлемде пара алу фактілерін тергеді. Арнайы прокурорлар 720 қылмыстық істі тергеді. Бұл істер бойынша тыйым салынған экстремистік топтардың 25 мүшесі ұсталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 42 мүшесі қамауға алынды. Одан бөлек, күдіктілердің арасында деструктивті діни ағымдардың 8 жақтаушысы бар. 126 адам кісі өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағандары үшін бұрын сотталған», деді Берік Асылов.



Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың көбі – 35 -ке дейінгі жастар.



«Бұдан бөлек, шетелдік азаматтар жаппай тәртіпсіздікке қатысуға және басқа қылмыстар бойынша күдікті болып танылды. Оның ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары бар. Бүгінде біздің істер бойынша 573 адам сотталды. Оның ішінде екі іс – теракт жасау фактісі бойынша. Қазіргі таңда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар ретінде 18 адам анықталды. Олардың 13-іне қатысты іс сотта қаралып жатыр», деді Бас прокурор.



Сондай ақ сол кезде күштік органдардың бірқатар қызметкері ұсталғандарға қатыгездік танытқанын айтты.



«Бұл жағдайды еш нәрсемен ақтауға болмайды. Президент тапсырғандай, азаптау қолданған қызметкерлер шеніне қарамастан тиісті жазасын алады және алып та жатыр. Азаптаулар туралы шағымдар бойынша барлығы 329 қылмыстық іс қозғалды. Олардың басым бөлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінде болды. Арнайы прокурорлар полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 34 қызметкеріне қатысты істі тергеді. Алматы облысының полиция ғимаратында 24 адамды азаптау фактілері туралы істер сотқа жолданды», - деді ол.



Берік Асылов келтірген мәліметке сүйенсек, қаңтар оқиғасы бойынша соттар 1 221 адамның үстінен қозғалған істерді қарады, олардың ішінде 1 205 адам сотталды. Қазір 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар бойынша жедел тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.



«Мемлекет басшысы Жолдауында рақымшылық жасау қажет екенін атап өтті. Сондықтан «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданды. Заң аясында арандатушылардың айтқанына көніп, жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыс жасағандар жазадан босатылды. Рақымшылық 1 095 адамға қолданылды. Атап айтқанда, сот ауыр қылмыстар үшін сотталған 1 001 адамның жаза мерзімін қысқартты», - деді Берік Асылов.



Бұған қоса Бас прокурор жоғарғы басшылығын ауыстыруға бағытталған операцияның тыңғылықты жоспарланғанғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04