AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған алматылық алты...

Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған алматылық алты жылға бас бостандығынан айырылды

Оқиға 11.07.2022, 10:00 1,591
Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған алматылық алты жылға бас бостандығынан айырылды
Сурет: Egemen.kz

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 33 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.


Істі болған адам 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы «Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу» бойынша қаралды.


33 жастағы И. есімді сотталушы тергеумен анықталмаған адаммен бірге төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қару-жарақ дүкеніне заңсыз кіріп, құны 204 733 теңге Beretta Perennia III маркалы тегіс ұңғылы қарудың 1 данасын, құны 187 557 теңге ATA ARMS маркалы тегіс ұңғылы қарудың 1 данасын ұрлағаны анықталды.


Сотта сотталушы И. кінәсін ішінара мойындады. Ол қару-жарақ дүкеніне кірмегенін, дүкеннің жанынан қару тауып, оны ары қарай құқық қорғау органдарына табыстау үшін алғанын айтты. Алайда, сотталушының кінәсі оның таныстары болған куәгерлердің айғақтарымен расталды. Олар тергеу барысында сотталушы тергеумен анықталмаған адаммен бірге дүкенге кіріп, кейін ұрланған қарумен көлікке отырғанын айтты.


Прокурор айыптауды қолдап, соттан 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Екі кәмелетке толмаған баласының болуы, кінәсін ішінара мойындауы және сотталушының жасы жазаны жеңілдеткенімен, төтенше жағдай кезінде қылмыс жасауы оны қиындатты.



«Заң бойынша аталған қылмыс үшін 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот үкімімен сотталушы И алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында атыс қаруын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар оқиғасы #қару #қылмыстық іс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);