AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қант диабеті мен жіті хирургиялық патологиясы бар...

Қант диабеті мен жіті хирургиялық патологиясы бар жас қызды аман алып қалды

Медицина 03.07.2024, 18:24 876 Almaty-akshamy.kz. 
Қант диабеті мен жіті хирургиялық патологиясы бар жас қызды аман алып қалды
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

№7  қалалық клиникалық аурухананың  дәрігерлерінің  мультитәртіптік  жұмысы қант диабеті мен жіті хирургиялық патологиясы бар жас қызды өміріне төнген  қауіптен аман алып қалды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.     

Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 21 жастағы қыз қант диабетінің қауіпті асқынуымен - диабеттік кетоацидозбен, ауырсыну және интоксикациялық синдромдармен ауыр жағдайда келіп түсті. Қант диабетінің айқын декомпенсациясын, диабеттік команың кенеттен даму қаупінің жоғарылығын ескере отырып, науқас кетоацидозды жою, қосымша тексеру және одан әрі басқару емдеу тактикасын анықтау үшін шұғыл түрде эндокринология бөлімшесіне жатқызылды. Аралас емдеу тағайындалды.

Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 21 жастағы қыз қант диабетінің қауіпті асқынуымен - диабеттік кетоацидозбен, ауырсыну және интоксикациялық синдромдармен ауыр жағдайда келіп түсті. Эндокринолог, гинеколог дәрігерлердің, хирургтардың қатысуымен мультитәртіптік консилиум шақырылды, себебі пациентте жіті хирургиялық патологияның клиникалық көріністері болды. МРТ-да кіші жамбас мүшелерін қосымша тексеру кезінде құрсақ қабырғасы бұлшық етінің абсцессы анықталды. Операция жасау туралы шешім қабылданды.

«Бұл жағдайдың күрделілігі ауыр диабеттік кетоацидозы бар пациенттерде кейде диабеттік псевдоперитонит сияқты сирек кездесетін құбылыс кездеседі, ол жиі «жіті іш» бетпердесімен бүркеленеді. Бұл жағдай іштің қатты ауырсыну белгілерімен білінеді және жіті хирургиялық аурулармен дифференциалды диагностика жүргізу кезінде қиындықтар туғызады. №7 ҚКА-ның дәрігерлері ұжымының үйлесімді мультитәртіптік жұмысының арқасында қыздың өміріне қауіп төндіретін сырқат деркезінде анықталды - іштің тік бұлшық етінің абсцессіне шұғыл түрде операция жасалды, пациент қанағаттанарлық жағдайда клиникадан шығарылды», - деді № 7 ҚКА-ның эндокринология бөлімшесінің эндокринолог-дәрігері Светлана Казарян.

Дәрігердің айтуынша, қант диабетімен сырқаттанған аурулардың инфекциялық-қабыну ауруларға жоғары бейімділігімен тығыз байланысты. Бұл бақыланбайтын гипергликемияның иммундық төзімділіктің төмендеуімен, микро және макроангиопатиямен, нейропатиямен қатар жүруімен тығыз байланысты.

«Инфекциялық-қабыну процестері қант диабетінің алғашқы белгілері немесе диабеттік кетоацидоз сияқты асқынулардың пайда болуына   себеп болуы мүмкін. Бұл жағдайлар қант диабеті бар пациенттер елеулі қауіпті, өйткені олардың иммундық жүйесі кейде организмді патогенді флорадан жеткілікті қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар, гипергликемия екінші инфекцияның қосылуына әкелуі мүмкін, бұл жағдай сауығу процесін баяулатады» , - деп түйіндеді доктор Казарян.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #денсаулық #қыз #қант диебеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);