ffin.kz

Қанат Бозымбаев Текелі тұрғындарына ауыз су және экология мәселесін шешіп беретінін айтты

Қанат Бозымбаев Текелі тұрғындарына ауыз су және экология мәселесін шешіп беретінін айтты Сурет: Gov.kz

Облыс әкімі қала тұрғындарымен кездесті.


Текелі қаласына мамыр айында таза ауыз су беріледі. Бұл туралы облыс әкімі қала тұрғындарымен болған кездесу барысында айтты, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz



«Отыз үш мыңдай тұрғыны бар Текелі қаласына ауыз су негізінен Қора өзенінен беріліп келген. Көктем мезгілінде қар суынан, жаңбырдан өзен суы лайланып, қала халқы таза суға зәру болып қалатын. «Бұл мәселе түбегейлі шешіледі», - деді бүгін Қанат Бозымбаев Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуінде. Сондай-ақ, өткен ғасырдан бері шешілмей келе жатқан экология проблемасы да оң шешімін таппақ», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.




Текеліде облыс әкімі осыдан бір ай бұрын болып, халықтың талап-тілектеріне орай жергілікті атқарушы билікке бірқатар тапсырма берген болатын. Бүгінгі кездесуде сол тапсырмалардың орындалуын баяндап, қаланың алдағы даму бағытын айтты.


Облыс басшысы текеліліктерге күні кеше  «Санлайт Инвестментс» ЖШС-мен меморандумға қол қойғанын жеткізді. Келісімге сәйкес, Текелідегі зиянды қалдықтар қоймасын рекультивациялап, қойма қалдықтарын жаңадан салынатын  ірі тау-кен байыту комбинатында шикізат ретінде пайдалану қолға алынбақ. Осылайша, қала шетіндегі қалдық қойма толықтай тазартылып, қаладан алыс жерге көшірілмек. Жоба 2022-2032 жылдарда іске асырылады. Бұл текеліліктердің шешімін күткен ең өзекті мәселесінің бірі болатын.


Ал, биыл темірді қалпына келтірумен айналысатын, жылдық қуаты 120 мың тонналық «Электромарганец» ЖШС зауыты іске қосылады. Оған 15,6 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1 мыңдай жұмыс орны ашылады.


Сондай-ақ, қаладағы апатты үйлердің мәселесі де кезең-кезеңімен шешіледі. Облыс әкімінің айтуынша, Бөлтірік шешен, Қонаев, Кошевой, Төле би көшелеріндегі апатты үйлердің тұрғындарын көшіріп орналастыруға қажетті қаржы бөлуді мәслихат қарастыруда. Алдыңғы сапарда көтерілген мәселелердің ішінде бірінші, екінші Кордон тұрғындарының проблемалары да шешілген. Атап айтқанда, дәріхана пункті құрылды, Қонаев көшесінің Кошевой көшесіне бұрылысын абаттандыруға, жиырма көшені орташа жөндеуге және бірінші, екінші Кордонды жарықтандыруға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленді.  Дегенмен инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу ісі әлі де артта қалып келеді. Текелінің инвестиция тартуда облыстағы үлесі небары 0,2%.



«Текелідегі өндірістік аймақта бос жер жоқ, кәсіпорындардың біразы маусымдық кезеңдерде ғана жұмыс істейді, құрал-жабдықтары тозған. Мәселен, «Суффле Қазақстан» ашықты зауытында шикізат жетіспейді, таза сумен қамтуда қиындықтар бар. Сондықтан облыста арпа өсіру көлемін арттырып, зауытты өз шикізатымызбен қамтамасыз етуді тапсырамын. Кәсіпорынды таза сумен қамтуға қажетті құжаттарды тиісті мекеме жылдам дайындап бітіруі керек. Қала әкімінің бұл бағыттағы жұмысы сылбыр. Текелінің табиғи-рекреациялық әлеуеті зор, ішкі туризмді тең дамытуға болады. Ол үшін туристік инфрақұрылымды дамытудың нақты жоспары жасалуы тиіс. Қалада шағын және орта бизнесті де өркендетуге мүмкіндік мол. Соған қарамастан, Текелінің облыстағы шағын және орта бизнестегі үлесі 1% ғана. «Талдықорған – Текелі» магистралды газ құбыры 2018 жылы тартылғанымен, бүгінге дейін 51 жеке тұрғын үй ғана газға қосылған», - деді Қанат Бозымбаев. Басқа да олқылықтарды атап өткен облыс басшысы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.



Кездесуге келген тұрғындар облыс басшысына 50-ге жуық сауал қойды. Әсіресе, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол-көлік салаларында қордаланған мәселелер көп екені байқалды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04