конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қанат Бозымбаев министрліктер мен әкімдіктердің ал...

Қанат Бозымбаев министрліктер мен әкімдіктердің алдағы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығын тексерді

Әлеумет 09.12.2024, 17:20 815 dulatbekova
Қанат Бозымбаев министрліктер мен әкімдіктердің алдағы мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайындығын тексерді
Сурет: Primeminister.kz

Вице-премьер қабылданып жатқан шаралар туралы жауапты министрліктер мен өңір әкімдіктерінің есептерін тыңдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Желтоқсанда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Төтенше жағдайлар министрлігі алғашқы аптаның ішінде елді мекендердегі 2,5 мыңнан астам үйді қамтитын профилактикалық рейдтер өткізді. Пештер мен электр жүйелері тексеріледі. Сондай-ақ пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелері түсіндіріледі. Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 670 мобилді топ құрылып, пиротехниканы сақтау және тарату орындары бойынша 78 рейдтік іс-шара өткізілді. Рұқсат етілмеген сауда үшін 21 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Елге пиротехникалық өнімдерді заңсыз әкелу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мереке қарсаңында ІІМ мен ТЖМ қызмет көрсетудің күшейтілген жұмыс режиміне көшуде.

«Ойын-сауық және адамдар көп жиналатын орындарды алдын ала тексеру қажет. Өрт сөндіру құралдарынсыз бұқаралық іс-шаралар өткізуге рұқсат бермеу қажет. Адамдарды шұғыл эвакуациялау бойынша қызметкерлермен оқу-жаттығуларын өткізу керек. Сауда және ойын-сауық орталықтары, театрлар мен спорт кешендерінің паркингтеріне газ жабдықтары бар автокөліктердің кіруіне жол бермеуге ерекше назар аудару қажет. Біз төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдауымыз керек», — деп тапсырды Қанат Бозымбаев.

Вице-премьер Оқу-ағарту министрлігіне мен өңір әкімдіктеріне қысқы демалыс және жаңа жылдық мерекелер кезінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын лайықты ұйымдастыру тапсырылды. Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі халықты мереке күндеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы кеңінен хабардар етуі керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қанат Бозымбаев #министрліктер #әкімдіктер #мерекеге дайындық #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Бүгін 18:30

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Бүгін 17:40

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);