AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қаланың құрылыс нысандарында сенбілік өтті

Қаланың құрылыс нысандарында сенбілік өтті

Алматы 11.04.2026, 14:02 183 Сұлу
Қаланың құрылыс нысандарында сенбілік өтті
Алматы әкімдігі

Бүгін Алматы қаласында бірқатар құрылыс және әлеуметтік нысандарда жоспарлы сенбілік өтті. Жұмыстар қалалық құрылыс басқармасына қарасты бірнеше маңызды алаңды қамтыды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаланың әр ауданында жұмысшылар тырма мен қап алып, жаңа қоғамдық кеңістіктер салынып жатқан аумақтарды ретке келтірді. Атап айтқанда, Саялы шағынауданындағы даму және шығармашылық орталығы, Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының қайта жаңғырту нысаны, болашақ дене шынықтыру-сауықтыру кешені, сондай-ақ Қалқаман шағынауданындағы №7 қалалық клиникалық аурухананы жаңғырту нысаны қамтылды.

Барлық алаңдағы негізгі міндет — жиналған қоқысты тазалап, аумақтарды келесі құрылыс кезеңіне дайындау болды.

Ең ауқымды жұмыстар Алтынсарин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында жүргізіліп, мұнда шамамен 100 адам тазалық жұмыстарына шықты. Аумақ толықтай тазартылып, ретке келтірілді.

Саялы шағынауданында тазалық жұмыстарымен қатар алғашқы көріктендіру шаралары да атқарылды: гүлдер мен ағаш көшеттері егілді.

Сонымен қатар, жұмыстар қаланың әлеуметтік нысандарында да қатар жүргізілді. Атап айтқанда, Құрамыс шағынауданындағы 500 келушіге арналған емхана, Наурызбай ауданындағы өрт сөндіру депосы, Медеу ауданындағы №17 мектеп, Шұғыла шағынауданындағы емхана, Әйтеке би көшесіндегі емхана, Республикалық физика-математика мектебі, Райымбек батыр мемориалдық кешені, №56 гимназия және №2 перзентхананың жаңа корпусын салу нысанында сенбілік ұйымдастырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 600-ден астам көпбалалы әйел бизнес ашу үшін оқудан өтті

Бүгін 17:09

Алматыдағы әлеуметтік кәсіпкерлердің 74%-ы әйелдер

Бүгін 17:08

Алматы саябақтарында жазғы буккроссинг алаңдары ашылады

Бүгін 17:06

Тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханаларға келуші саны 70%-ға артты

Бүгін 16:31

Алматыда Ж. Үшкемпіров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);