AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңыз...

Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды

Әлеумет 28.11.2024, 19:20 835 Айнабай Мәди
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Сурет: автор

Жанат АЙТІЛЕУ, Қала құрылысы кеңесінің мүшесі:

Сараптамалық қауымдастықпен бірлесе келе, қала құрылысы регламентінің жобасы  қоғамдық талқылауға түсті.

Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын іске асыру аясында қала әкімдігі жаңа қала құрылысы регламентін әзірледі. Құжат жобасы «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған, жария талқылауға әркез ашық. Әлбетте, қала құрылысы регламентінің базалық нормасы желді аумақтың жаңартылған картасын, тұрғын үй ғимаратының биіктігінің нақты параметрін бекітуді, бизнесті дамытуға қажет тұрғылықты аудандағы бірінші қабатты пайдалану міндеттілігі мен басқа да мәселелерді көздейді.

Сапалы қала құрылысы регламентін әзірлеу мен қабылдау – маңызды әлеуметтік әрі әкімшілік міндеттің бірі. Олай болса, мұның нақты шешімі қысқа мерзімде Алматы қаласының тұрғындарына әлеуметтік, экономикалық, саяси және қоғамдық пайда әкелмек. Демек, бұл жағдай қаламызға жақын барлық өңірде экспоненциалды экономикалық өсудің мультипликативтік әсерімен тұрақты ұзақ мерзімді дамудың негізін қалауға қабілетті.

«Дөңгелек үстел» үрдісіндегі бұл басқосуда сарапшылар жаңа қала құрылысы регламентіне байланысты өзекті мәселелерді талқылады. Олардың пікірі мен ұсынысы қалалық инфрақұрылым мен халықтың қажеттілігіндегі қарқынды өзгеріс жағдайында ерекше мәнге ие. Атап айтқанда, талқылаудың маңызды аспектісі – экологиялық норманы, сейсмикалық қауіпсіздікті сақтау мен жайлы қалалық ортаны құру қажеттілігі.

«Қала құрылысы регламентінің жобасына қатысты қоғамдық талқылауда түйткілді біраз мәселе қамтылды. Көздеген мақсат – қала құрылысы регламентінің базалық нормаларының қатаң сақталуы. Осыған дейін де айтқанымыздай, қаламыздың әл Фараби даңғылының бойына 18-20 қабатты үйлер бой көтерген. Ендігі мақсат – аталған даңғыл бойына биіктігі 12 метрден (3 қабат) аспайтын үйлер ғана салу. Әл Фараби мен Абай даңғылдары аралығында салынатын ғимараттардың биіктігі 25 метрден (9 қабат) аспауы тиіс. Осындай қағидат қатаң сақталуы қажет. Қаламыздың болашағы, тұрғындардың қауіпсіздігі бізге инвесторлардың талабынан  маңызды, – дейді Қала құрылысы кеңесінің мүшесі Жанат Айтілеу.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қала құрылысы #инвесторлар талабы #қала болашағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08

Мемлекет басшысы премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Бүгін 12:34

Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 11:29

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Кеше 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Кеше 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);