Қазақ қуыршақ театрының дамуына елеулі үлес қосқан өнер иесі ел болашағын қалыптастырудағы әрбір азаматтың рөлі туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының ардагер актрисасы Гүлжәмилә Ілиясова Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, №58 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Қазақ қуыршақ театрының дамуына елеулі үлес қосқан өнер иесі ел болашағын қалыптастырудағы әрбір азаматтың рөлі туралы ойын бөлісті.
«Бүгін сайлау учаскесіне келіп, дауыс бердім. Елдің болашағы – баршамызға ортақ іс. Әрқайсымыз еліміздің дамуына үлес қоса аламыз. Қаламыз гүлдене берсін!» – деді Гүлжәмилә Ілиясова.
Еске салайық, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде қалада тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ азаматтар үшін бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.
Сайлау туралы қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.