Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қаладағы үш есірткі зертханасы жойылды

Қаладағы үш есірткі зертханасы жойылды

Заң мен тəртіп 15.10.2021, 11:00 1,266
Қаладағы үш есірткі зертханасы жойылды
Сурет: Inorehovo.ru

Алматының тәртіп сақшылары жыл басынан бері есірткіге қатысты 545 қылмысты әшкереледі


Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Аlmaty.akshamy.kz. Журналистермен дәстүрлі кездесуде Алматы ПД-нің басшысы синтетикалық есірткілерді шығаратын 3 зертхананың жойылғанын хабарлады.



«Олардың бірі Медеу ауданындағы жалдамалы үйден табылды. Тінту кезінде синтетикалық есірткі өндіруге арналған компоненттер, сондай-ақ сатуға дайын, жалпы салмағы 3,5 келі “мефедрон” заты тәркіленді. Бұл өнімнің сату бағасы шамамен 40 миллион теңгені құрайтын еді. Сондай-ақ сәуір айында біз есірткі бизнесіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлары дәлелденген 8 айыпталушының ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Топ интернет ресурстары арқылы “мефедрон” синтетикалық есірткісін өндірумен және сатумен айналысты. Сонымен қатар, қоғаммен бірге есірткі заттарының таралуы туралы ақпаратты қамтитын 3 901 граффити-жазулар боялды. Есірткіні жарнамалағаны үшін 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алматы полициясының бастамасымен жыл басынан бері 357 интернет-сайт бұғатталды», – деді Қанат Таймерденов.



Жыл басынан бері Алматы полициясы 545 есірткі қылмысын ашты. 380 келіден астам есірткі тәркіленіп, заңсыз айналымға жіберілмеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #зертхана #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика