AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / "Қалада түнде у шашады" деген қауесет тарады

"Қалада түнде у шашады" деген қауесет тарады

Хабарлама 12.08.2021, 18:53 1,875
"Қалада түнде у шашады" деген қауесет тарады
aikyn.kz

Алматының жасыл экономика басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.





Танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында қараңғы уақытта жол бойында өсіп тұрған ағаштарды суарып келе жатқан трактордың видеосын жариялаған. Кадр сыртындағы дауыс адамдарды осылай «улайды», адамдардың ауыратыны да сондықтан дейді. Бұл жалған, деп хабарлады stopfake.kz.


Алматының жасыл экономика басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.



– Жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша «Дезинфекция» мекемесі жасыл желектерді зиянкестерден биологиялық препараттармен өңдеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Жұмыс тиімді болуы үшін түнгі уақытта жүргізіледі, өйткені биологиялық препарат ультракүлгін сәулелердің әсерінен тиімділігін жоғалтады, – деп жазды департамент өкілдері спортшының парақшасындағы постқа қатысты жазған пікірінде.



Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де түсініктеме берді. Ведомство ағаштарды зиянкестер мен аурулардан қорғау бойынша іс-шаралар қалада жыл сайын өткізіледі және бұл үшін ең тиімді құралдардың бірі биопрепараттар болып табылатынын хабарлады.



– Биологиялық өнімдер – тірі организмдер немесе тірі организмдер синтездейтін табиғи биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттардың спектрі биоинсектицидтерден, биофунгицидтерден био-тыңайтқыштарға дейін өте ауқымды. Саңырауқұлақтарға негізделген биопестицидтер тамыр, тұқым және топырақ инфекциясының қоздырғыштарын басуға, сондай-ақ препаратты тікелей бетіне қолданған кезде жеміс пен жапырақ ауруларының дамуына жол бермейді. Биологиялық инсектицидтер төрт жүз түрлі жәндіктерге қарсы тиімді. Препараттың әсері қарапайым – ішкі ағзаларды зақымдайды, жәндіктердің сал ауруына және өліміне әкеп соқтырады, – делінген Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің түсініктемесінде.



Аралас жекпе-жек жауынгері Қуат Хамитов бұған дейін жалған ақпарат таратқан болатын. Өзінің Instagram парақшасында ол COVID-диссиденттерді белсенді түрде қолдап, аурудың бар екенін жоққа шығарды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ковид #хамитов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);