Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматылықтардың алданышы / Қалада селфи экскурсия жасалды

Қалада селфи экскурсия жасалды

Алматылықтардың алданышы 18.09.2021, 15:20 2,075
Қалада селфи экскурсия жасалды
Cурет: Inbusiness.kz

Алматы - мың бояулы қала.


Шаһар туын желбіреткен жастар электросамокатпен мегаполистің басты көшелерімен 40 шақырым жолды жүріп өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Этномәдени бірлестіктің өкілдері Қала күнін мерекелеу аясында мегаполистегі көрікті орындарға барып, селфи экскурсия жасады. Электросамокат мінген жастар Тәуелсіздік монументі, Ұлы Абай мен Құрманғазының ескерткішіне, қаланың көне ғимараттары мен басты саябақтарына ат басын бұрып, шаһар туын желбіретіп суретке түсті.  
Шаһар туын желбіреткен жастар электросамокатпен мегапоистің басты көшелерімен 40 шақырым жолды жүріп өтті. Жастар Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінен шығып, Достық үйі, Қазақстан қонақүйі, Республика сарайы сынды 7 мекенжайға барды.



«Алматы - мың бояулы қала. Бұл әрбір қонақтың жүрегінде із қалдыратын жарқын шаһар дер едім. Акцияны Қазақстан халқы Ассамблеясына мүше жастар ұйымдастырып отырмыз. Осы іс-шараны жыл сайынғы дәстүрге айналдырғымыз келеді. Себебі қазір, өздеріңіз білетіндей, электросамокатпен қозғалатын тұрғындар көбейді. Сондай-ақ, бұл экологиялық транспорт түрі», - деді «Қазақстан ұйғыр жастарының одағының» төрағасы Рустам Қайырев.



Дэниел Джэймс Алматыда туып-өсті. Африкалық этномәдени қоғамдастықтың төрағасы қазақ тілінде еркін сөйлейді. Айтуынша, басқа жаққа қоныс аудару ойы жоқ. Алматының аспанмен таласқан заңғар таулары, сан құбылған ауа райы және табиғатының кереметтей көрінісі ұнайды екен.



«Алматы қаласында туып өстім. Ол - менің ең сүйікті қалам. Неге десеңіз, өйткені 4 мезгіл бар. Қыста қар жауып тұр. Африкалық адамдарға ол ерекше нәрсе. Көктемде бәрі гүлденеді. Жазда ыстық Африкадағы сияқты. Күзде мынау табиғат, жапырақтар сарғаяды, сондай әдемі табиғат. Бір қадам басып, тауға шығуға мүмкіндік бар. Қандай биік тауларымыз бар», - деді  Африкалық этномәдени қоғамдастықтың басшысы Дэниел Джеймс.


«Оқу іздеп келген мен осы қалаға ғашық болып, осында қалуды ұйғардым. Алматы - өте әсем, таза қала. Өзінің атмосферасымен баурап алатын ерекше қала деп айтсам болады. Басқа қалаларға қарағанда өзіме Алматы қатты ыстық», - деді Орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі Галина Сергеевна.



Олардың фотосуреттері мен шаһарға арнаған жүрекжарды тілектерін әлеуметтік желілерде Алматы сүйікті қала хэштегі арқылы табуға болады. Экскурсия қатысушылары барша алматылықтарды акцияға қатысуға шақырады.
Акция осы орталық демалыс саябағында тәмамдалды. Қаладағы іс-шаралар бұнымен ғана тоқтап қалмайды. Ұйымдастырушылар алдағы күндері де көрнекі орындарға барып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы күні #мегаполис #селфи
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика