Қалада қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Қалада қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қаласында 20 қаңтар күні сағат 01:30-да басталған қар күндіз де жауады деп болжанып отыр. Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша қалаға қалыңдығы 8 см қар түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kzКоммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.



Қар жауа бастаған сәттен бастап 146 құм таратқыш арқылы көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 2033 тонна КҚМ пайдаланылды.


Сағат 05:30-дан кезекші жол полициясы машиналарының еріп жүруімен 13 колонна техника қар күреуді бастады.



Сағат 06:00-ден бастап тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын механикаландырылған тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдері қолмен күрелді.


Түнгі уақытта қар шығаруға 27 қар тиегіш пен 75 өзі түсіргіш жүк көлігі жұмылдырылды. 17 қаңтарда жауған қарға келсек, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 24224 м3 қар шығарылды, бұл 2422 рейс өзі түсіргіш жүк көлігі деген сөз.


Қар күреуге түнде 436 бірлік техника мен 219 жұмысшы тартылды. Сағат 08:00-ден бастап 423 бірлік арнайы техника және 1008 жұмысшы жұмылдырылды.



Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 


«Қазгидромет» РМК болжамынша бүгін түске дейін ара-тұра қар жауады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. жел соғады, күндіз ауа температурасы -3...-5° болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:28

19:50

19:04

18:48

18:02

17:16

17:11

16:56

15:49

15:29

15:00

13:56

13:41

13:37

13:11

11:20

11:04

10:42

09:58

09:35

09:05

08:47

08:03

17:03

16:05