AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қала тұрғындары тегін көшеттер алды

Қала тұрғындары тегін көшеттер алды

Не? Қайда? Қашан? 16.10.2023, 03:14 1,307
Қала тұрғындары тегін көшеттер алды
Almaty-akshamy.kz

«Жасыл аула» науқанының күзгі маусымында қала тұрғындары күл, тал, катальпа және гибискус көшеттерін тегін алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Акцияға қатысу мүмкіндігі мегаполистің әрбір тұрғынында болды. Алайда, көшеттер жалпы пайдаланылатын учаскелерге және көпқабатты үйлердің аулаларына ғана таратылады. ЖТҮҚ жеке секторларға және бау-бақша серіктестіктеріне, сондай-ақ, заңды тұлғалардың аумағында көшеттерді отырғызу және тарату көзделмеген.



20 қыркүйектен 4 қазанға дейін өтінімдер қабылданды. Нәтижесінде, 200-ге жуық өтінім түсті, оның ішінде 70-і мақұлданды.


«Бұл акция үш жылдан бері жалғасуда. Жыл сайын көпқабатты үйлердің аулаларын және басқа да жалпы пайдаланылатын аумақтарды көгалдандыруға ниет білдірушілердің саны артып келеді. Акция шарттары бойынша қатысушылар арасында бір адамға 20 данадан артық көшет бөлінбейді. Сұраныстарына байланысты, көшет саны әркімде әр түрлі», - деп хабарлады Алматы қ. Экология және қоршаған орта басқармасы Жасыл қорды басқару және мониторинг бөлімінің басшысы Нұрлан Кутыбаев. 



Қатысушылар арасында Наурызбай және Бостандық аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Оның арасында бірнеше рет қатысқан тұрғындар бар. 


«Біз екінші рет қатысып отырмыз. Бүгін 20 көшет алдық, «Алма сити-5» тұрғын үй кешеніндегі аулада 6/55 және 6/56 үйлерінің алдында отырғызатын боламыз. Көп рақмет, науқанның арқасында ағаштарды тегін алуға және ауламызды көгалдандыруға мүмкіндік алдық», - деді Наурызбай ауданының тұрғыны Ақбота Қыпшақова.  


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы «Жасыл аула» науқаны аясында көшеттерді тегін таратудың басталғаны туралы хабарлаған болатын. Науқанның шартына сәйкес, қатысушылар отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қояды. Акция барысында көшеттердің өмір сүру деңгейіне басқарма тарапынан мониторинг жүргізіледі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #Тұрғындар #көшет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);