AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қала күніне орай Алматыда жаңартылған демалыс күнг...

Қала күніне орай Алматыда жаңартылған демалыс күнгі жәрмеңке ашылады

Алматы 18.09.2026, 09:26 303
Қала күніне орай Алматыда жаңартылған демалыс күнгі жәрмеңке ашылады
Алматы әкімдігі

Мұнда 112 сауда орны қарастырылған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

20 қыркүйекте, Қала күні, Бостандық ауданының Қазақфильм шағынауданында жаңартылған демалыс күнгі жәрмеңке ашылады.

Жаңғыртудан кейін аумағы 49 сотық болатын жәрмеңке аумағы толық көркейтіледі. Мұнда 112 сауда орны қарастырылған: 100 орын – ашық павильонда, 7 орын – жабық павильонда және тағы 5 орын – фудкорт аймағында.

Ашық алаңда демалыс күндері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жұмысын жалғастырады. Жабық бөлікте отандық өндірушілер өз өнімін тұрақты негізде сата алады.

Жаңғырту жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүргізілді. Бұл ретте қолданыстағы сауда орындары жәрмеңкенің қазіргі қатысушыларына сақталады.

Жәрмеңке ашылғаннан кейін коммуналдық нарықты әкімшілендіру және ұсынылған бағаның сақталуын бақылау жұмыстарымен «Алматы» ӘКК» АҚ айналысады.

Демалыс күнгі жәрмеңке тұрғындарға өнімдерді фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып алуға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері Алматыда осындай 300-ге жуық жәрмеңке өтті. Оларда Алматы қаласы мен Алматы облысының фермерлік және жеке шаруашылықтары өндіретін 1 000-нан астам өнім түрі ұсынылған.

Ассортиментте жаңа сойылған ет, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс, қышқыл сүт өнімдері, шұжық өнімдері, бал және басқа да тауарлар бар. Қалалық жәрмеңкелерге апта сайын шамамен 50 мың адам келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты

Бүгін 14:01

Президент Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты

Бүгін 14:00

Олжас Бектенов жол саласын реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 13:00

Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Бүгін 12:05

Алматыда «Жасыл аула» акциясы басталды: тұрғындар 10 түпке дейін ағаш көшетін тегін ала алады

Бүгін 11:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);