AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Қайтпас, қайсар кинорежиссер»

«Қайтпас, қайсар кинорежиссер»

Мәдени Алматы 18.12.2024, 18:45 935 dulatbekova
«Қайтпас, қайсар кинорежиссер»
Сурет: автор

Қалдыбай Әбеновтың жеке қоры ашылды

Ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында Алматы қаласының мемлекеттік архивінде кинорежиссер, сценарист, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі, этнограф, 1989 жылы «Қазақфильм» киностудиясында «Желтоқсан» қоғамдық ұйымының негізін қалаған «Аллажар», «Шәкәрім», «Жалаңтөс баһадүр» фильмдерінің авторы және қоюшы-режиссері Қалдыбай Торғайұлы Әбеновтың жеке қорының ашылуына байланысты «Қайтпас, қайсар кинорежиссер» атты еске алу шарасы өтті.

Іс-шараны Алматы қаласының мемлекеттік архив директорының орынбасары Айсұлу Исалова құттықтау сөзбен ашты. Ол өз сөзінде қайтпас қайсар кинорежиссердің жеке қорын жинақтауға желтоқсаншы Ерлан Декелбаевтың көп еңбек сіңіргенін жеткізді.  «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, «Аллажар» фильмінің кейіпкері болған Ерлан Әбдірашитұлы Қалдыбай ағасының туған бауырындай өмір бойы жанында болып, ауырғанда қамқорлық танытып, ел басына төнген пандемия кезінде дүние салған режиссердің жерлеу рәсімін ұйымдастырып, артында қалған бүкіл мұрағатын жарыққа шығару үшін тер төгіп жүргенін ерекше атап өткенді  орынды деп есептеймін. Сол еңбектің жемісі – бүгінгі жеке қор көрмесіне қош келдіңіздер! – деді Айсұлу Мардешқызы.

Еске алу шарасын белгілі журналист, «Казахское дело» топтамасының авторы Көлбай Адырбекұлы жүргізді. Шараға  қатысқан тарих ғылымының кандидаты, алаштанушы қаламгер Бейбіт Қойшыбаев, өнер қайраткері, «Аллажар» фильмі түсірілімі кезінде режиссердың ассистенті болған ҚР Мәдениет қайраткері Ғазизхан Әділханұлы, желтоқсаншылар – Ерлан Декелбаев, Кенжебай Отарбаев, Күнсұлу Шариева, Әлібек Мұзаффар, Амандық Рамазан, Қалдыбай Әбеновтың әпкесі Алтынкүл Әбенова, ұлы Фараби мен басқа да қоғам қайраткерлері өз естелігімен бөлісіп, игілікті іс-шараны ұйымдастырған архив қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Қалдыбай Әбенов жайлы жүрек тебірентер естеліктерден соң  шәкірті Ерлан Әбдірашитұлының ұстазына арнаған бейнежазбасы көрсетілді. Одан соң шараға арнайы шақырылған желтоқсаншылар Желтоқсан оқиғасы кезіндегі қазақ жастарының басынан өткен қиындықтары туралы айтып, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің құндылығын тағы бір айқындай түсті. Архив қызметкерлері атынан архивтің бас сарапшысы Ләйля Қасымқызы, жеке қорларды жинақтау бөлімінің басшысы Айгерім Әлжанова келген қонақтар мен желтоқсаншыларға алғысын білдірді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қалдыбай Әбенов #жеке қор #кинорежиссер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика