Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «QAITADAN» ФИЛЬМІ МИЛЛИАРДТЫҚ ТАБЫСҚА ЖЕТТІ

«QAITADAN» ФИЛЬМІ МИЛЛИАРДТЫҚ ТАБЫСҚА ЖЕТТІ

Мәдениет 29.09.2025, 11:35 708
«QAITADAN» ФИЛЬМІ МИЛЛИАРДТЫҚ ТАБЫСҚА ЖЕТТІ
интернеттен

Қазақстан прокатындағы жаңа көшбасшы – режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды фильмі «QAITADAN» үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әрі кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатын бес есеге артығымен ақтаған алғашқы жоба. 

Көрермен көзайымы болған «QAITADAN» киносы оқиға желісімен ғана емес, визуалды қуатымен де баурайды. Бұл фильм – көркем шығарма ғана емес, шынайы сезімге негізделген, терең драмалық мазмұндағы туынды. Кино астарында қауіпсіздік, жауапкершілік пен бірлік жайлы терең ой тастайтын әрі жастарды достыққа, бауырмалдыққа жетелейтін тұстары бар. Әр диалог – бүгінгі қоғамға ой салады, әр көрініс – көрерменнің жүрегіне жақын.

Фильмде отбасы институты дәріптеліп, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттары  көрініс табады. Себебі өзіңді ғана емес, айналаңды, тіпті тұтас қоғамды құтқаруға ұмтылу – әр адамның міндеті. 

«QAITADAN» - қазақ киносының жаңа белеске көтерілгенін көрсететін еңбектердің бірі. 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанған бұл жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген болатын.

Кино – бекзат өнер. Қоғамда алар орны ерекше. Бүгінде Қазақстанның киноиндустриясы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жіті басшылығымен қарқынды дамып келеді. Бұл ұлттық контентті ілгерілетуге, тұрақты қолдау жүйесін қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.

«Бұл – елімізде жас режиссёрлер мен дебюттік жобаларға нақты мүмкіндік беріліп отырғанының жарқын көрінісі. Режиссер Думан Еркімбек, продюсер Жалын Тілеуберген сынды жаңа толқынның бастауы. «QAITADAN» - осының айқын дәлелі. Мұндай сапалы жобаның халыққа кеңінен танылып, көрерменнің көңілінен шығуы  жүйелі жұмысымыздың нәтижесі» - дейді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Барша көрермендерді отандық киноны қолдап, «QAITADAN» фильмін кинотеатрларда тамашалауға шақырамыз!

Соңғы екі жылда отандық киноиндустрияда бірқатар маңызды реформалар жүзеге асты. Солардың ішінде аса маңыздыларының бірі – конкурстың жаңа ережесі. Реформаның негізгі мақсаты – әділеттілік пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ киногерлер үшін конкурсқа қатысу процесін барынша жеңілдету. 

Сараптама кеңесінің дауыс беру механизмі де жаңартылды. Кеңес мүшелері - әр жобаның сценарийінен бастап, өндіріске дейінгі кезеңді сүзгіден өткізеді. Тілдің тазалығына да айрықша мән береді. Осының арқасында дебюттік жобаларға ерекше назар аударылып, жас режиссерлердің туындыларына сенім күшейді. 

Іріктеуден өткен киножобалар өндіріске жіберіліп, үлкен экранға дейін толық сүйемелденеді. Бұл үшін Орталықта әр жобаға жеке менеджер тағайындалған. 

Биылдың өзінде 12 ұлттық фильм үлкен экранға шықты. 

Ең бастысы – сан емес сапа басты назарда! Отандық фильмдер көрерменге барынша қолжетімді бола бастады. Соңғы жылдары архивте жатқан барлық фильмдер прокатқа шығарылып, қалың көрерменге ұсынылды.

Ұшақ борттарынан бастап стримингтік платформаларға, телеарналардан шалғай ауылдардағы көрсетілімдерге дейін – ұлттық киноны көруге мүмкіндік артты. 

Өңірлерде «Қазақ киносының онкүндігі» өткізілді. Жаңа туындылар көпшіліктің назарына ілікті. 

«JARQYRA» республикалық кастингі жарияланды. Нәтижесінде анықталған жаңа таланттардың кәсіби өсуін қамтамасыз ету және оларды ұлттық кинематографияның жаңа жобаларына тарту. Аймақтардағы талантты жастарды қолдаудың арқасында кино әлемінде жаңа есімдер мен жаңа леп болуы хақ.

Орталықтың қолдауымен түсірілген туындылар халықаралық деңгейде де кеңінен танылып келеді. Соңғы деректерге сәйкес, қазақстандық фильмдер 300 халықаралық кинофестивальге қатысып, 177 жүлде жеңіп алды.

Бұл ауқымды жұмыстар ұлттық кинематографияның көкжиегін кеңейтіп, оны әрі қарай дамытуға, қазақ мәдениетін әлемге танытуға мүмкіндік береді.

Кино – өнер, ол – идеология. Ал идеологияның басты күші – санаға төңкеріс жасау, игі істерді насихаттау. 

 

 

 

 

 

                                  «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» 

                                  Баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фильм #экран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Бас жоспары аумақтарды кешенді түрде жаңғыртуды көздейді – қала әкімінің орынбасары

Бүгін 12:39

Қазақстан су тапшылығын ЖИ-мен еңсермек: Алматыда DeepBAS жобасы таныстырылды

Бүгін 12:36

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлі дүниеге келді

Бүгін 12:29

Ақ халатты абзал жандарға алғыс: №7 қалалық аурухана дәрігерлері науқас өміріне араша түсті

Бүгін 12:14

Павлодар облысында той үшін қарызға батқан әйел сотқа жүгінді

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика