Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Лайфстайл / Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған ж...

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Лайфстайл Бүгін 20:44 52
Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара
Кейіпкер ұсынған сурет

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ел еңсесін енді тіктеп жатқан шақ еді. Бірақ сол жылдар тек үміт пен жаңғырудың ғана емес, үнсіз ерліктің, көзге көрінбейтін майданның кезеңі болды. Экономикалық, саяси өзгерістермен қатар, жас мемлекет халықаралық міндеттемелерді де абыроймен атқаруға кірісті. Солардың бірі – 1993–1999 жылдары Ішкі әскер (қазіргі Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерінің тәжік-ауған шекарасын күзетуі еді. Бұл – бейбіт күндегі беймәлім майдан, көзге көрінбейтін, бірақ қауіп-қатері мол қызмет болатын. Сол миссияның ең ауыр беттерінің бірі – 1995 жылдың 7 сәуірінде Пшихавр шатқалында болған қанды шайқас.

Бұл күн – талай шаңыраққа қаралы хабардыңкөлеңкесін түсірген, талай жүрекке жазылмас жара салған күн. Қазақстандық әскери көлік легіне Ауғанстан аумағынан моджахедтер шабуыл жасап, ауыр ұрыс болды. Күш тең емес еді. Сол ұрыста 17 жауынгер ерлікпен қаза тауып, 33 әскери қызметші жарақат алды. Бұл оқиға – ел жадында мәңгі сақталған қайғылы күндердің бірі.

Осы ұрыстың куәгері, сол кездегі Ішкі әскердің сарбазы Саттинов Мұрат Қанайұлы бұл күнді әлі ұмыта алған жоқ. Қызылорданың Жаңақорған топырағында дүниеге келген қарапайым қазақ баласы Мұраттың тағдыры оны сонау Тәжікстан шекарасына алып келді. 1993 жылы желтоқсанда әскерге шақырылып, Шымкенттегі 5485 әскери бөлімінде сапқа тұрған жас сарбаз көп уақыт өтпей жатып, нағыз от пен оқтың ортасына түсемін деп ойламаған да шығар...

«Таңсәріде жолға шықтық...» – деп бастайды Мұрат естелігін.

Жаңбыр сіркіреп тұрған. Таулы аймақтың тынысы ауыр. Әскери көліктер тізбегі үнсіз ілгері жылжып келеді. Екі сағаттай жүрген соң, Пшихавр шатқалына жеткен. Бәрі бір сәтке тынышталғандай көрінген. Бірақ сол тыныштық – қанды ұрыс алдындағы тымырсық еді.

Кенет... жарылыс. «К бою!» деген бұйрық беріліп, ұрыс басталып кетеді.

«Таудың басынан оқ қарша борады. Біз төменде, қорғаныссыз дерлік жағдайда қалдық. Алдымен көлік легінің басы мен соңындағы БТР-лерді істен шығарды. Қозғалу мүмкін болмай қалды», – деп еске алады ардагер.

Ұрыс барысында сарбаздар жаралыларды тастардың тасасына сүйреп, аман алып қалуға тырысқан. Алайда жағдай күрделі еді. Оқ-дәрі де азая бастайды.

«Алғашқы ұрысымыз болған соң, тәжірибе жоқ. Бір кезде оқ-дәрі тиелген көлік жарылды. Біз оқты үнемдеуге көштік. Өзімде бір ғана оқжатар қалды», – дейді Мұрат.

Жарылыстардың бірінде ол есінен танып қалады.  Мұрат есін жиғанда, қаруластары оны сүйреп алып бара жатқанын көреді. Оны өліп қалды деп ойлаған. Бірақ тіршілік белгісін байқаған соң, су беріп, тірілтуге тырысқан. Бет-жүзі қанға боялған. Бірақ оқ тимеген. Ұрыс әлі аяқталмаған. Оқ-дәрі таусылған. Бірен-саран пулемет үні ғана жаңғырады...

«Көмек келгенде кейбірі тірі еді...» – дейді Мұрат дауысы дірілдеп. Аман қалған сарбаздар жаралы қаруластарын көлікке көтеріп апарып салған. Жаралы болса да, сөйлеп жатқан Қанат, әлі үміт үзбеген Имомаддин, есін білмесе де тіршілік нышаны байқалып жатқан Еркебұлан...  Бірақ ауыр жарақат салдарынан олардың көбінің өмірі жол үстінде үзіліп кеткен.

Жылдар өтті.

Бүгінде Мұрат Қанайұлы Қонаев қаласында тұрады, өндіріс орнында еңбек етеді. Бес баланың әкесі. Мемлекет тарапынан бірқатар әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. Дегенмен, оның айтуынша, материалдық көмектен гөрі, сол бір күннің ауыр естелігі жанын көбірек мазалайды. Уақыт  бәрін емдейді деген сөз кейде шындыққа жанаспайдыекен. «Жер ортасы жасқа келдік. Бірақ сол күнгі жара әлі сыздайды...» – дейді Мұрат. Бұл – тек бір адамның емес, тұтас бір буынның жүрегіндегі ауыр естелік.

Мұрат Қанайұлы жас ұрпаққа елін сүюді, Отанға адал қызмет етуді аманат етеді. «Ата-бабамыз қорғап кеткен жер – бізге аманат. Сол аманатқа қиянат жасамау – әр азаматтың борышы», – дейді ол.

Қазір олар – сол бір шайқастан аман қалған жауынгерлер – бір-бірімен байланысын үзбейді. "Ер Отан" әскери-патриоттық клубы" қоғамдық бірлестігін құрған. Жетекшісі – сол кездегі 7 ротаның командирі полковник Алданазаров Ерлан Жарылқасынұлы. Қаза болған жауынгерлерді еске алу шараларын ұйымдастырады. Олардың есімі ауыл көшелерінде, мектептерде жаңғырып тұр.  Өйткені ерлік ұмытылмайды.

Пшихаврдағы қанды оқиға – тарихтың бір парағы ғана емес. Ол – ел тыныштығы үшін жанын қиған ерлердің мәңгі жадымызда қалар ерлігі. Оларды ұмытпау – бүгінгі ұрпақтың парызы. Ал Мұраттың жүрегіндегі жара – сол ерліктің үнсіз куәсі.

Запастағы подполковник Данара Баймағанбетова, Алматы қаласы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#естелік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Бүгін 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Бүгін 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Бүгін 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бүгін 17:13

Алматы дәрігерлері күрделі трихобезоарға сәтті ота жасады

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика