AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Профессордың жалақысы 350 мың теңге болмақ

Профессордың жалақысы 350 мың теңге болмақ

Білім және ғылым 16.08.2021, 14:24 1,897
Профессордың жалақысы 350 мың теңге болмақ
Сурет: Zen.yandex.ru

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап.


ҚР БҒМ-не ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап артады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Министрліктің мәліметіне сәйкес, енді ЖОО оқытушысы ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңгені құрап, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алуы тиіс.



«Бұл шешім ел Президенті Қ.Тоқаевтың ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында қабылданды. Штаттағы оқытушыларға минималды жалақы мөлшерін белгілеу туралы тиісті бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.



Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, оқытушылардың жалақысы көтерілгенімен, олардың оқу жүктемесі төмендетіледі. Бұл мұғалімдердің ғылыми қызметпен айналысуларына мүмкіндік пен уақыттың жеткілікті болуы үшін жасалып жатыр.



«Біз жоспарлы түрде оқытушылар үшін жайлы жағдай жасап, еңбекақыны және педагогтердің мәртебесін арттырып жатырмыз. Жоо оқытушыларының жалақысы да жоғарылайтын болады. Егер біз білімнің жоғары деңгейде болуын қаласақ, мұғалімдерге лайықты жалақы төлеу керек екенін түсінуіміз керек. Бұл ретте біз жоғары оқу орындары тарапынан сапалы жұмысты, ал оқытушылардан оқу процесіне асқан жауапкершілікпен қарауды талап етеміз. Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы жоо оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. БҒМ-ге ведомстволық бағынышты жоо оқытушыларының жалақысы 2019 жылдың қыркүйегінде 20%-ке, 2020 жылдың қыркүйегінде тағы 20%-ға өсті. Енді штаттағы оқытушылардың минималды жалақысы ай сайын 200 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар әр университет басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, оқытушылардың белгілі бір жетістіктері үшін қосымшаақы төлей алады. Жоғары оқу орындарының директорлар кеңесі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.



Педагогикалық жүктемеге келетін болсақ, енді бір ставканың максималды көлемі бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды. Айта кеткен жөн, бұрын ең төменгі жалақы мен сағаттық жүктемелерге қойылатын талаптар заңмен реттелмеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет #құжат #БҒМ #жоо #профессор #оқытушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);