Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Президенттің Францияға сапары аясында отызға жуық...

Президенттің Францияға сапары аясында отызға жуық келісім жасалды

АЭС: Референдум 30.11.2022, 12:00 1,414
Президенттің Францияға сапары аясында отызға жуық келісім жасалды
Сурет: Akorda.kz.

Кездесу барысында атом энергетикасы мәселесі қозғалған. 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Францияға жасаған ресми сапарының басым бағыттарының бірі экономикалық ынтымақтастық болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 

«Мемлекет басшысы Францияның жетекші компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Кездесуде сауда, инвестиция, өнеркәсіп, көлік-логистика және энергетика салаларындағы мәселелер жан-жақты талқыланды.

 

Мұнай-газ саласында ірі кәсіпорын саналатын Total Energies компаниясы елімізге 12 млрд доллар инвестиция құйған. Директорлар кеңесінің төрағасы Патрик Пуянне Президентке оның компаниясы Қазақстанда тағы бірнеше ауқымды жобаны жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, қуаты 1 ГВт-тық жел электр станциясының құрылысы сөз болды. Нысан 2026-2027 жылдары Қазақстанның оңтүстік-шығысында пайдалануға беріледі. Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар.

 

Air Liquide химия компаниясының президенті Франсуа Жаков Мемлекет басшысына оның компаниясы Қазақстанда жалпы инвестиция көлемі 120 миллион еуро болатын жобаларды іске асырғаны туралы айтып берді. Компанияның қатысуымен құрылған бірлескен кәсіпорын Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарының негізінде техникалық газ өндірісін жолға қойды.

 

Oranо S.A. компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Клод Имовен KATCO бірлескен кәсіпорны Қазақстанда жылдық уран өндірісінің 15% және әлемдік өндірістің 7% өндіретінін жеткізді. Orano S.A. – Франция атом өнеркәсібі саласының көшбасшысы», деп жазды Руслан Желдібай.

 

Сондай-ақ Électricité de France (EDF) бас директоры Люк Ремонмен болған кездесу барысында атом энергетикасы мәселесі қозғалғанын айтты.

 

«Президент Люк Ремонмен атом энергетикасына озық технологияларды енгізу перспективаларын қарастырды. Аталған мәселе елімізде АЭС салу жоспары тұрғысынан өзекті. Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

 

Alstom компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Анри Пупар-Лафарж Мемлекет басшысына компания жақын арада электровоздар мен теміржол көлігі жабдықтарын өндіру, қызмет көрсету жөніндегі жобаларға 50 миллион еуро инвестиция құятынын айтты. Энергетикалық жабдықтар мен теміржол көлігі өндірісінде әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын Alstom компаниясының сервистік орталықтары Астана, Алматы қалаларында, Жамбыл және Түркістан облыстарында ашылады. Бұл жобаларды іске асыруға мыңнан астам қазақстандық маман жұмылдырылады.

 

Мемлекет басшысы Airbus, Saint-Gobain, Boehringer Ingelheim France, Soufflet Group, Total Energies, BPI France, Vicat, Syctom, Pellenc, Total Eren, PCM, Safran, Thales, Groupe EDF, Assystem, Evolution International, MHB SAS, Exa International, Rungis Semmaris, MBDA, SOPREMA және басқа да Францияның ірі компанияларының басшыларымен кездесті. Бұл шара Президенттің Парижге жасаған сапары аясындағы маңызды оқиғаның бірі болды.

 

Президент өз сөзінде инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі мол бағыттарын ұсынды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, экономиканың нақты секторы, көлік және логистика, цифрландыру салаларындағы жобалар туралы сөз болды», деді Президенттің баспасөз хатшысы.

 

Осылайша, Президенттің Париждегі әрбір кездесуінде нақты жобаларды іске асыруға, миллиондаған долларлық инвестиция мен озық технологияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін келісім-шарттар жасалған.

 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Францияға сапары аясында экономикамызға зор пайда әкелетін отызға жуық келісімге қол қойылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49

Алматылықтардың зәресін алған қыздар елден шығарылды

Бүгін 10:14

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика