конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Р...

Президент Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталовты қабылдады

Әлеумет 20.12.2022, 08:54 965
Президент Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Райымбек Баталовты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарына назар аударылды. 


Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысына отандық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар, мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын трансформациялаудың негізгі бағыттары туралы баяндалды.


Райымбек Баталов палатаның функциясына жатпайтын қызметтерге талдау жасалып, қысқартылғанын, олардың бәсекелік ортаға берілгенін, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бюджет бағдарламасына тәуелділігі түбегейлі азайғанын жеткізді.


Кездесу барысында еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды.


Жоғары әлеуметтік жауапкершілік, адалдық, салық адалдығы, экологиялық талаптарды сақтау және басқа маңызды қағидаттарды берік ұстанатын кәсіпкерлердің жаңа буыны пайда болу үшін жағдай жасау қажеттігі айтылды.


Қазіргі уақытта палата мейлінше жедел шешуді қажет ететін және стратегиялық басымдыққа ие мәселелерді анықтау үшін терең талдау жүргізіп жатыр.


Аталған түйткілдердің Үкіметпен және әкімдіктермен тығыз серіктестікте шешілуі экономиканы тиімді әртараптандыруға, жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға және қолайлы бизнес ахуал қалыптастыруға септігін тигізеді.


Президент Ұлттық кәсіпкерлер палатасының есебін тыңдап, стратегиялық шешімдер қабылдау кезінде бизнестің мүддесін ескеру маңызды екенін, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру үшін ұсынылған шаралар мен «Атамекенді» трансформациялау тәсілдерінің өзектілігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде екі түнге қозғалыс шектеледі

Кеше 19:07

Алматыда YE-нің (Канье Уэст) Орталық Азиядағы тұңғыш жеке концерті өтті

Кеше 17:58

Алматыда «Аспан таулы Алматы!» республикалық бейнеконтент байқауы басталады

Кеше 17:41

Жылыту маусымына 77 мың км газ тарату желісі дайындалуда

Кеше 17:32

«Елдің болашағы әрқайсымызға байланысты»: Нұрқожа Қайпанов қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);