Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Үкіметтен батыл шешімдерді талап етуде

Президент Үкіметтен батыл шешімдерді талап етуде

Әлеумет 28.01.2025, 16:38 515
Президент Үкіметтен батыл шешімдерді талап етуде
Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Онда еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасалынып, биыл атқарылуы тиіс міндеттер жүктелді. 

Жалпы мұндай форматтағы жиын елдегі жағдайды бақылауда ұстау және қысқа уақытта атқарылуы тиіс шаруаларды пысықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан саяси тұрғыдан бізге ұнасын, ұнамасын осындай жиындар өтуі қажет.

Үкімет отырысының мазмұнына келер болсақ, онда Премьер-министр Олжас Бектенов, Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады. Кабмин басшысы өткен жылға қорытынды жасап, биыл атқарылатын шаруалар туралы баяндады. Оның орынбасары Серік Жұманғарин қаржы-экономикалық саланы дамыту бойынша Үкіметтің ұсыныстарын айтты.

Баяндамашылардың сөзінен кейін президент Үкімет пен өзге де мемлекетік органдарға бірнеше тапсырма берді. Басым көпшілігі былтырғы жолдаудағы тапсырмаларды орындау бойынша тактикалық мәселелерді қамтыған. Президент әсіресе экономиканы әртараптандыруда инвестициялық климатқа баса назар аударған. Осы бағытта өңдеу өнеркәсібі, туризм және өзге де салаларға басымдық беруді тапсырды. Барлық міндеттер биыл жылдың соңына дейін орындалуы тиіс. Сондықтан мемлекет басшысы Үкімет мүшелерінен шешім қабылдауда батылдық танытуды талап етті.

 

.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #министр #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Бүгін 08:55

Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 75,97 жасқа жетті

Бүгін 08:44

Жаңбыр, тұман...

Бүгін 08:34

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Кеше 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Кеше 18:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика