конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушыла...

Президент Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Әлеумет 07.05.2023, 03:37 1,230 Аlmaty-akshamy.kz
Президент Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
сурет: gov.kz

Армиямыздың айбыны асқақтай берсін!


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.



«Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – тек әскери қызметшілер үшін ғана емес, баршамызға ортақ қастерлі мереке. Елін қорғау – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.


Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру – негізгі стратегиялық мақсатымыздың бірі. Қазақстан армиясы кез келген жағдайда мемлекетімізді қорғауға дайын болуы керек. Қарулы Күштеріміз еліміздің егемендігі мен тұтастығының және халқымыздың мызғымас бірлігі мен жарқын болашағының кепілі болып қала береді.


Бүгінде жауынгерлеріміз батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, ел тыныштығын қырағылықпен күзетіп тұр. Олардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қалтқысыз қызметі – өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге.


Өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқарып, антына адалдық танытып жүрген барлық сарбаздарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Армиямыздың айбыны асқақтай берсін! Еліміздің іргесі әрдайым берік болсын!


Әскери қызметшілерге, ардагерлерге және барша отандастарымызға зор денсаулық, қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін!», - деді Президент.




 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#7 мамыр #отан қорғаушылар күні #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әлемдік UBTECH компаниясының шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады

Бүгін 18:10

Маңғыстауда төрт адамның өліміне себеп болған жүргізуші 5 жылға сотталды

Бүгін 17:19

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады

Бүгін 16:26

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:08

Алматыда қала келбетін дизайн-код талаптарына сәйкестендіру жұмыстары басталады

Бүгін 15:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);