Президент сайлауы: 12 үміткердің нешеуі ОСК талабына сай?

Президент сайлауы: 12 үміткердің нешеуі ОСК талабына сай? Сурет: Inbusiness.kz

Кезектен тыс президент сайлауына 1 ай 10 күндей уақыт қалды. 


Қазанның 11 күні ҚР Президенттігіне кандидат ұсынуға берілген уақыт түгесілген болатын. Үміткер атанып үлгерген адамның саны – 12. Оның үшеуі - әйел. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш бірдей әйел кандидат президент сайлауына қатысуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Орталық сайлау комиссиясы үміткерлердің талапқа сәйкестігін анықтау отырыстарын өткен аптаның демалыс күндері бастап кеткен болатын.


Әуелі қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидат ретінде талаптарға сәйкестігі туралы қаулы қабылданды. Орталық сайлау комиссиясы заң аясында құзыретті органдарға сұрау салу арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы екенін белгілеп, кейінгі 69 жыл бойы Қазақстанда тұрған деген мәліметті тіркеді. Ал мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 43 жыл 1 ай. Өзге кандидаттардан бір айырмашылығы, Қазақстан Республикасындағы "Сайлау туралы" Конституциялық Заңның 54-бабының 2-тармағы бойынша, қазіргі Мемлекет басшысы ретінде мемлекеттік тілден емтихан тапсырудан босатылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:46

17:35

17:29

17:29

17:20

17:05

16:54

16:45

16:33

16:31

16:15

16:04

15:41

15:34

15:18

15:10

14:57

14:43

14:30

14:13

14:05

13:12

12:30

12:20

12:10