конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Қазақстанның Әскери доктринасын бекітті

Президент Қазақстанның Әскери доктринасын бекітті

Билік 24.10.2022, 07:37 1,224
Президент Қазақстанның Әскери доктринасын бекітті
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Әскери доктринасын бекітті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






Құжатты Қорғаныс министрлігі басқа күштік құрылымдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген.


Мемлекет басшысы 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында Әскери доктринаны қайта қарау қажеттігін мәлімдеген еді. Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қайта форматтау туралы бірқатар тапсырмалар берген Президент қорғаныс қабілетін нығайту, қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін арттыру мемлекеттік маңызы бар басымдықтарға айналуға тиіс екенін атап өтті.


Құжатта әскери қауіптер мен қауіпсіздікке әсер ететін заманауи жағдайлар мен факторлар көрсетілген. Оған әскери-саяси және әскери-стратегиялық салалардағы қызметтің жаңа бағыттары, нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу және әскери жоспарлау жүйесін енгізу шаралары енгізілген.


Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін арттыру мақсатында Арнайы операциялар күштерін дамыту және олардың басқа мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен өзара іс-қимылын кеңейту көзделген.


Әскери доктринаның жаңа редакциясы мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету жөніндегі көзқарасын қазіргі заманғы талаптар мен жағдайларға бейімдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа қатерлер мен тәуекелдерге ден қоюдағы елдің әскери әлеуетін арттырады.


Әскери доктринаға өзгерістер енгізу туралы жарлық заңды күшіне енді.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#доктрина #президент #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

КҮЙЕУ ЖІГІТТІҢ СӘЛЕМІ: Трендті дәстүрмен шатастырып жүрміз бе?

Бүгін 12:51

"Қазгидромет" алматылықтарға тағы да ескерту жасады

Бүгін 12:10

Алматы қаласында сайлау алдындағы үгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Бүгін 12:03

Азаматтардың 72%-ы сайлауда дауыс беруге дайын – Еуразиялық интеграция институтының сауалнамасы

Бүгін 11:44

Алматы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында туризмді дамыту бағытындағы жұмысы үшін үш халықаралық марапатқа ие болды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);