конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Әлеумет 02.07.2022, 08:15 1,288
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы қаңтар-мамыр аралығындағы әлеуметтік-экономикалық  жағдайы туралы есеп берілді. Сондай-ақ қала әкімі экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге қатысты Президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,6 пайызға дейін өскен, негізгі капиталдағы инвестициялардың өсімі 20,9 пайыздан асқан, сауда-саттық қалпына келтірілген, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 19,5 пайызға артқан.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» жобасы ұсынылды.


Мемлекет басшысына Абай даңғылының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда 9 қабаттан биік ғимараттардың құрылысын жүргізуге тыйым салатын жаңа ережелердің қабылдануы, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жоспары туралы мәлімет берілді.


Ерболат Досаев маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге, оның ішінде «Алматы жастары» бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға тұрғын үй сатып алуға, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтандыру сапасын арттыруға, сирек кездесетін ауруларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, балаларға арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға қаражат бөлінгенін жеткізді.


Кездесу соңында Президент Алматы қаласын одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын  арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Михаил Ломтадзе Джекидің Қазақстанды өз үйіндей сезінуі үшін аңызға айналған актерге Kaspi Gold табыстады

Бүгін 21:21

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Бүгін 17:51

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 17:48

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін 17:15

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);