AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Қашағанда газ өңдеу зауыты құрылысын қар...

Президент Қашағанда газ өңдеу зауыты құрылысын қаржыландыруды шұғыл шешуді тапсырды

Әлеумет 09.06.2022, 12:50 967 Almaty-akshamy
Президент Қашағанда газ өңдеу зауыты құрылысын қаржыландыруды шұғыл шешуді тапсырды
Cурет: Inform.kz

Қазақстанның газдану деңгейі 53 пайызға жетті


Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты құрылысы жобасын қаржыландыру мәселесін шұғыл шешу қажет. Бұл туралы Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінде газ саласы көмірді пайдалану деңгейін төмендетуде маңызды рөл ойнайды. Қазақстанның газдану деңгейі 53 пайызға жетті. 10 млн-ға жуық азамат газға қол жеткізіп отыр. Елдің ішінде газды қолдану өте жылдам артып келе жатыр. Бұл бірінші кезекте Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-тің газға көшуімен, газ-химия кешені және жаңа өндірістік кәсіпорындардың іске қосылуымен байланысты. Келесі жылдың ішінде-ақ ішкі нарықта газ тапшылығы болжанады. Газбен ішкі тұтынуды қамтамасыз ету оны экспортқа шығаруға қарағанда сөзсіз басым», - деді Мемлекет басшысы.



Осыған орай Президент ел Үкіметіне Теңіз кен орнының акционерлерімен бірлесіп, 2 млрд текше метр газды экспорттан ішкі нарыққа кері бағыттау мәселесін қарастыруды тапсырды.



«Сонымен қатар Үкіметке Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты құрылысы жобасын қаржыландыру мәселесін шұғыл шешу талап етіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #мұнай #газ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);