Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел ісіне белсене атсалыстыңыз. Мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту жолында еңбек еттіңіз. Министр, кейін Премьер-министрдің орынбасары болдыңыз. Дипломатиялық қызметте еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Қытай Халық Республикасында Төтенше және өкілетті елші болдыңыз, сондай-ақ Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Корея елдерімен қарым-қатынасты дамыту үшін табанды жұмыс істедіңіз. Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановтың жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды.
Қуаныш Сұлтанов елдің игілігі үшін жасаған еңбегін елеп, ең жоғары мемлекеттік награданың бірі – «Отан» орденіне лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.
Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов — қазақстандық саясаткер, дипломат, журналист, саясаттанушы, профессор.
Мансабын 1961 жылы Сұлтанов Сарыөзек ауданаралық баспаханасында баспахана жұмыскері ретінде бастады, 1963 жылдан ол — аудандық газеттерде түзетуші, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болса, 1964 жылдан Кеңес Әскерінің қатарында қызметте болды.
1976 жылдан бастап Сұлтанов Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы, бірінші хатшысы болса, 1981 жылдан ол Қазақстанн Компартиясы ОК Мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған.
1983 жылдан Қуаныш Сұлтанов — Қазақстан Компартиясы ОК ұйымдастырушылық-партия жұмыстары бөлімінің меңгерушісі болды да, 1987 жылдан бастап ол — Қазақстан Компартиясы Қарағанды обкомының хатшысы. 1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы ОК идеологиялық бөлімінің меңгерушісі болған.
1991 жылғы тамызда Қуаныш Сұлтанов Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі болып тағайындалды. Сергей Терещенко үкіметінің мүшесі ретінде ол 1993–1994 жылдары премьер-министрдің орынбасары ретінде қызмет етті.
1993–1995 жылдары Қазақстан халық бірлігі қозғалысының, кейіннен Қазақстан халық бірлігі партиясы ОК төрағасы. 1994 жылғы наурыздан 1995 жылғы наурызға дейін ол — Жоғарғы Кеңестің Талдықорған облысының №115 Жаркент сайлау округінен сайланған депутаты. 1994 жылдан ол — Жоғарғы Кеңес тқрағасының орынбасары. 1995 жылғы наурыздан ол Жоғарғы Кеңестің депутаттары мен қызметкерлерін қызметке орналастыру жөніндегі комиссиясының құрамында болған. 1995 жылғы маусымнан ол — Қазақстанның Қытай, Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Кореядағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2001 жылы Сұлтанов кейін дипломатиялық мансабын тоқтата тұрып, 2011 жылға дейін Қазақстан Парламенті Сенатының II, III, IV сайланымдарының депутаты болып сайланды.
2012–2021 жылдары ол Қазақстан Парламенті Мәжілісі V және VI сайланымдарының депутаты болып сайланды.