Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент: Жастар мен қабілетті кадрларға жол берм...

Президент: Жастар мен қабілетті кадрларға жол бермеуіміз - үлкен кемшілігіміз

Әлеумет 01.03.2022, 07:32 1,255
Президент: Жастар мен қабілетті кадрларға жол бермеуіміз - үлкен кемшілігіміз
Сурет: Sumyinfo.com

Бүгінде бізде саяси менеджерлерді дайындау ісі ақсап тұр.


Жастар мен қабілетті кадрларға жол бермеуіміз - үлкен кемшілігіміз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Саяси кадрларды дайындау. Партиямыз кадрлар ұстаханасына айналып, сайлаушылармен жұмыс істей алатын қазіргі заман саясаткерлерін және мемлекеттік қызметшілерді дайындауы тиіс. Ашығын айтсақ, бүгінде бізде саяси менеджерлерді дайындау ісі ақсап тұр. Қазіргі жағдайда саяси басшылар түрлі мамандық иелерімен, жастармен, журналистермен, халқымыздың барлық өкілімен сөйлесе білуі тиіс және де мұндай адамдар бізде аз емес. Бір ғана проблема – ол әлеуметтік лифтінің жоқтығы. Біз жастар мен қабілетті кадрларға жол бермейміз және бұл - біздің үлкен кемшілігіміз», - деді Мемлекет басшысы AMANAT партиясының кезектен тыс съезінде.



ҚР Президенті партия құрылымында саяси менеджмент академиясы жұмыс істейтіндігін және оның жұмысын күшейту қажеттігін баса айтты.



«Бір реттік семинарлар мен тренингтерден депутаттарды, әкімдерді, министрлерді және өзге де партиядан ұсынылатындарды дайындайтын толыққанды бағдарламаға көшу керек. Жергілікті жерлерде партиялық активтерді оқыту үшін көшпелі тренингтерді де жүйелі түрде өткізген жөн. Мен айтқан барлық міндеттерді барынша қысқа мерзімде орындау қажет болады. Сайлаушылардың партияға сенімін арттыру үшін жұмыстың бұрынғы формалды әдісінен бас тарту керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика