AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент ІІМ көші-қон мәселесіне бақылау жүргізу...

Президент ІІМ көші-қон мәселесіне бақылау жүргізу бағытында бірқатар тапсырма берді

Әлеумет 29.09.2022, 16:00 966 Almaty-akshamy
Президент ІІМ көші-қон мәселесіне бақылау жүргізу бағытында бірқатар тапсырма берді
Сурет: Ақорда

Интернеттегі алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президентке құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу, тергеу бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, интернеттегі алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді. Отбасылық-тұрмыстық жанжалдан туындайтын құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.


Сондай-ақ Марат Ахметжанов Ресей Федерациясы азаматтарының елімізге келуіне байланысты ішкі істер органдары қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.


Бұдан бөлек Мемлекет басшысына Ішкі істер министрлігінің бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс процесін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру бағытында атқарып жатқан қызметі туралы ақпарат берілді.


Кездесу қорытындысы бойынша Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға, сондай-ақ көші-қон мәселесіне тиімді бақылау жүргізуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #ІІМ #тапсырма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);