AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент бірқатар ІТ компания басшыларымен кездес...

Президент бірқатар ІТ компания басшыларымен кездесті

Әлеумет 28.09.2022, 09:56 1,516
Президент бірқатар ІТ компания басшыларымен кездесті
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен IT саласындағы адами капиталды дамыту еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екенін атап өтті. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы аясында халықаралық IT компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қасым-Жомарт Тоқаев пен Samsung Electronics компаниясының корпоративті президенті Ин Йонг Ри IT мамандарды даярлау, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ғылым саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырды.



Арсен Томский Мемлекет басшысына Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі іnDriver-дің қызметін дамытудың перспективалары туралы айтты. Компания басшысының айтуынша, Астана мен Алматыда екі кеңсе ашылған. Сонымен қатар inDriver Astana Hub резиденті атанды. Арсен Томский Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарларын жеткізді.



G42 компаниясының директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесуде ақпараттық технологиялар мен цифрлық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев G42 жасанды интеллект, cloud инфрақұрылымы және Big Data салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы мәліметтер алды. Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен IT саласындағы адами капиталды дамыту еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екенін атап өтті.



Bharti Enterprises және OneWeb құрылтайшысы әрі төрағасы Сунил Барти Митталмен кездесуде шалғай елді мекендерді интернетпен қамту үшін төмен орбиталы спутниктерді және жерүсті станциялар желісін пайдалану мәселелері талқыланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Әуезов ауданы әлеуметтік қолдауға 3,9 млрд теңге бөлді

Бүгін 16:05

Әуезов ауданының 6 мыңнан астам тұрғыны «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 16:04

Алматының Әуезов ауданында Жұбанов көшесі абаттанып, Qadam саябағы салынып жатыр

Бүгін 16:02

Алматының Әуезов ауданында екі балабақша ашылып, жаңа мектептер салынып жатыр

Бүгін 15:58

Алматының Әуезов ауданында инженерлік желілер жаңартылып, 35 шақырым кабель желісі қалпына келтірілді

Бүгін 15:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);