Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Президент Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Президент Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

Хабарлама 28.09.2021, 14:45 1,289
Президент Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
Сурет: Akorda.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрі Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, спорт, туризм және архив салаларында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берді.


Сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, өнер және мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларына арналған іс-шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Ақтоты Райымқұлова Мемлекет басшысына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жұмысы, Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы, сондай-ақ «Кинематография туралы» заңға енгізілетін толықтырулар туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, биыл сарапшылар кеңесі мен ведомствоаралық комиссия мақұлдаған 42 киножобаны қаржылай қолдау жоспарланған.



Қасым-Жомарт Тоқаевқа шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қарай қаржыландыру жұмыстары туралы ақпарат берілді. Елімізде балалар мен жасөспірімдердің 50 пайызын қамтыған 22 мыңға жуық шығармашылық үйірме мен 126 мың спорт секциясы жұмыс істейді.



Министр мәдениет және спорт салаларындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы туралы баяндады.



Сонымен қатар, кездесу барысында ішкі туризмді дамытудың перспективалары, осы саланы цифрландыру мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта бірқатар цифрлық шешімдер іске қосылды. Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы, Туризм онлайн, View Project, eQonaq жүйесі, гидтердің бірыңғай тізімі, сондай-ақ көрсетілген қызмет сапасына қатысты пікір немесе шағым қалдыруға мүмкіндік беретін E-Shagym модулі сияқты жаңа ресурстар әзірленіп жатыр.



Президентке ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықтың жағдайы туралы баяндалды. Бүгінде Қазақстан атынан Бүкіләлемдік мұралар тізіміне тарихи және мәдени он ескерткіш енгізілген. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, министрлік ЮНЕСКО тізіміне материалдық және материалдық емес мәдени мұраның жаңа нысандарын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #министр #Тоқаев #райымқұлова #мәдениет #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика