Президент Алматы қаласының әкімі Е.Досаевты қабылдады

Президент Алматы қаласының әкімі Е.Досаевты қабылдады Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлады almatty-akshamy.kz.


Ерболат Досаев баяндамасында:


-қала экономикасының қарқынды өсіп, қысқа мерзімді экономикалық индикатор жыл басынан бері 13,5 пайызға көтерілген; 


-өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны (+21%) бойынша Алматы елімізде тұрақты түрде бірінші орында; 


-мегаполис экономикасына 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;


-жеке инвестициялардың өсімі 7,3 пайызды құрады;


-белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 341 мыңға дейін жетіп, 25,8 пайызға артты;


-республикалық бюджеттің түсімі 38,4 пайызға өсіп, 3,91 триллион теңгеге дейін жетті; 


-жергілікті бюджеттің түсіміне қатысты жоспар 28,7 пайызға (243 млрд теңге) асыра орындалды; 


-жыл басынан бері 58,7 мың жұмыс орны ашылды, оның 77 пайызы тұрақты жұмыс орны;


-2023 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімінің қарқыны 6,5 пайызға дейін жетеді деген болжам бар;


Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 18 тамызда Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы мәлім етілді: 


-сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлайтын 28 сейсмостанция орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Төтенше жағдай кезінде адамдар жиналатын 545 қауіпсіз орын анықталды;


-медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандарты әзірленді;


-жыл басынан бері өлім-жітім көрсеткіші 11 пайызға, ана өлімі 32,4 пайызға, бала өлімі 35,5 пайызға төмендеді;


-білім беру саласында 4,9 мың оқушыға арналған 10 мектеп және 4 қосымша оқу корпусы салынды;


-жыл соңына дейін қаладағы жасыл-желек көлемі жан басына шаққанда 12,3 шаршы метрге дейін ұлғаяды;


-жыл басынан бері жасыл-желекті автоматтандырылған суару жүйесімен қамту көрсеткіші 3,4 есе өскен. Биылғы 9 айда 405 гектар аумақта жұмыс жүргізілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 587 гектарға дейін жеткізіледі; 


Сонымен қатар, қала әкімі мемлекет басшысы қолдаған бастама аясында аудан әкімдіктеріне олардың бюджеттерін 3,1 есеге, яғни 184,3 миллиард теңгеге дейін ұлғайта отырып, 15 функция берілдігі; 


-бүгінде 196 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 100 шақырымнан астам сумен жабдықтау және су тарту желілері салынғаны жайында баяндады. 


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды сапалы сумен, су бұру желілерімен қамтамасыз ету, инвестиция тарту жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ Алматы агломерациясымен көлік байланысын жақсарту жөніндегі жобаларды одан әрі іске асыруға ерекше назар аударуды тапсырды.




t.me/aqorda_resmi

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:49

09:20

09:10

17:56

17:43

17:26

17:13

17:01

16:44

16:33

16:19

16:01

15:59

15:43

15:31

15:19

15:07

14:55

14:38

14:26

14:18

14:08

12:05

11:41

11:23