AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Әлихан Байменовті қабылдады

Президент Әлихан Байменовті қабылдады

Әлеумет 10.07.2023, 06:54 1,133 Almaty-akshamy.kz. 
Президент Әлихан Байменовті қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы қазіргі үрдістер мен даму перспективалары талқыланды. Президент Астана хабы мемлекеттік басқару жүйесін дамыту мәселелері бойынша сараптамалық тұрғыда маңызды қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, билік өкілеттіктерін орталықсыздандыру және мемлекеттік органдар қызметіне жобалық әдісті белсенді енгізу арқылы әкімшілік реформаны тиімді жүзеге асыру маңызды екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде қоғамды одан әрі ұйыстыру, атап айтқанда, заң мен тәртіпті сақтау, кәсібилік және еңбек адамының рөлін арттыру секілді құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылды.


Бұдан бөлек, Әлихан Байменов Президентке Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының жұмысы туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы ұлттық ойынымызды елімізде және шетелде одан әрі дәріптеу маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Қазақстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қабылдау #астана #хаб #басқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);