AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Премьер-Министр инфляция мәселесін күнделікті бақы...

Премьер-Министр инфляция мәселесін күнделікті бақылауға алуды тапсырды

Билік 10.05.2022, 11:30 1,153
Премьер-Министр инфляция мәселесін күнделікті бақылауға алуды тапсырды
Сурет: Inform.kz

Сауда үстемесін бақылау тапсырылды


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөніндегі кеңесте әкімдердің осы бағытқа жетекшілік ететін орынбасарлары жағдайды бақылап, тиісті шаралар қабылдауы қажеттігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Өңірлер бойынша ең жоғары баға өсімі Қарағанды облысында - 0,4%, тағы 11 өңірде – Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында, Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында - 0,3% тіркелді.


ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, «айналым схемасы» құралының мониторингі бекітілген қаржыландыру жоспарының толық қамтылмағанын көрсетеді. Салалық ведомство бөлшек сауда объектілерінің рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауы бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді жалғастырып отыр. Өткен аптада рейдтік іс-шаралар аясында үй маңындағы 33,6 мың дүкен немесе сауда объектілерінің 78,9%-ы қамтылып, 424 факті анықталды. Соның нәтижесінде сауда үстемелері 15%-ға төмендеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, республика бойынша ӘМАТ қоры - шамамен 744 мың тонна, оның ішінде «айналым схемасы» аясындағы қорлар – 108 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 25,6 мың тонна және 52,9 мың тоннаға форвардтық келісімшарттар жасалды.


Министрліке әкімдіктермен бірге өңірлер арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің қажеттіліктерін ескере отырып, оларды жедел тәртіппен жеткізіп отыру үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімін тұрақты негізде өзектендіру тапсырылды.



«Бүгінгі таңда оңтүстік өңірлерде көкөністердің кейбір түрлері пісіп жатыр. Бағасы өсіп жатқан көкөністерді жеткізуге келісімшарт жасау қажет. Сонымен қатар, күзде тұрақтандыру қорларында салыстырмалы түрде төмен бағамен қажетті азық-түлік көлемі болуы үшін форвардтық сатып алу бойынша қаржыландыруды арттыру қажет. Бұл жұмысты бүгіннен бастап жүргізген жөн», - деді Үкімет басшысы облыс әкімдеріне.



Сонымен қатар, Премьер-Министр Сауда және интеграция министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, сауда үстемесін, әсіресе оны көтерме сауда орындарында бақылауға ерекше назар аударуды, сондай-ақ «айналым схемасын» қаржыландыруды 100% нысаналы деңгейге дейін жеткізуді тапсырды.



«Инфляция мәселелері халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етеді, ол күнделікті бақылауда болуы тиіс. Әкімдердің осы бағытқа жетекшілік ететін орынбасарлары жағдайды бақылап, тиісті шаралар қабылдауы қажет. Бізде қажетті құралдар бар», - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #инфляция #экономика #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика