AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Премьер-министр Алатаудағы жаңа мектептің құрылысы...

Премьер-министр Алатаудағы жаңа мектептің құрылысын тексерді

Әлеумет 30.05.2024, 13:16 1,042
Премьер-министр Алатаудағы жаңа мектептің құрылысын тексерді
primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру аясында Алатау қаласындағы 900 орындық жаңа мектеп құрылысының жұмыс қарқынымен танысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жыл соңына дейін 3 мың м2 алаңда орналасқан жаңа білім беру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бүгінде нысанның іргетасы мен монолитті қаңқасын орнату жұмыстары аяқталған. Мектеп қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, құрылыс және білім беру саласындағы соны технологиялармен жабдықталады.

Үкімет басшысы құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы жүргізудің маңыздылығын баса айтты.

Елімізде 2024-2025 жылдар аралығында Ұлттық жоба бойынша барлығы 369 мектеп ашу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Алматы облысында 2024-2025 жылдары 53 жайлы мектеп салынады. Биыл 600-ден 1500 орынға дейінгі сыйымдылығы әр түрлі 26 жайлы мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

Ұлттық жобаның шарттарына сәйкес, барлық жайлы мектептер оқушылар мен педагогтер үшін жоғары қауіпсіздік шараларын, тиісті инфрақұрылымды және қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай стандартқа сай салынатын болады.

Премьер-Министр жаңа жобалар әзірлеуді және мемлекеттік сараптамадан өткізуді жеделдетуді және салынып жатқан ғимараттарды пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

"Бұл – Президенттің мегажобасы. Оның сапалы әрі уақытында іске асырылуын қатаң бақылауға алу қажет. Жайлы мектептердің құрылысы балаларымыздың сапалы білім алуына барлық жағдай жасауға бағытталған. Үкімет алдында 2025 жылдың соңына қарай 740 мың жаңа оқушы орнымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Құрылыс жұмыстарын жоғары қарқынмен жүргізу қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #құрылыс #Жайлы мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Бүгін 18:15

Күзде қандай көкөніс пен жеміс жеген дұрыс?

Бүгін 15:10

Риновирус – суық тиюдің ең жиі кездесетін себептерінің бірі

Бүгін 14:10

Republic Day және Bereke Fest акциялары аясында қанша үнемдеуге болады?

Бүгін 12:32

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді

Бүгін 12:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);